Жігіттердің дені қызбен танысқан сәтте-ақ сынай бастайды. Ең әуелі көркіне, сымбатына, сөйлесу мәнеріне қарайды. Егер сөзі ұнап, қылығымен тартымды болса, жігіт те өз үйінде жүргенін елестетіп, анасына көмекші болып жүрген бейнені қиялымен салады.
Сіз ұнатқан жігіт сізге де ұнап, жақсы жігіт екенін ұғып, сіз де қызығушылық танытқан сәтте сізге көп ақыл айтасың деп жала жапса қайтесіз? Осы мазмұндас кездесулер көп болады. Жігітпен танысқан кезде, білетініңді ортаға салып, қызықты әңгіме болған кезде жігіттердің көбісі сізді онша жақтырта бермейтінін сезген шығарсыз. Олар ең алдымен сізден сескенеді. Әрдайым өзі би, өзі қожа атанып келе жатқан ол кенет біреуден төмен екенін аңғарады. Қанша игі іс жасасаңыз да сізге көңілі толмай, ақыл айтқыш, білгіш деп жала жабатын болады. Есіңізде болсын, сіздің рухани қажеттілігіңіз көп талап етсе, сіздің ақылды болғаныңыз үшін сіз кінәлі емессіз! Шындыққа тура қарай алмайтын, өзіне сенімсіз жігіт сізге не үшін қажет? Сондықтан адамдармен танысқанда «дымбілмес» образына енбеңіз. Қайта керісінше, сіз өз ойыңызды айту арқылы қарайлас жұп табасыз. Болашақта сіздің ақылды боп, дүниетанымыңызды кеңдігінен не пайда? Егер күйеуіңіз сізден әлдеқайда білімсіз, не ақымақ болса.
Қай ортада болмасын, сізді нақты фактілермен қоштайтын адамдарға жақын болыңыз. Немесе тіпті керісінше, сіздің дүниетанымыңыздан да асып түсетін, сөзі түзу, ақылды жігіт қарсы пікір айтуы мүмкін. Міне, бұл сіздің талғамыңыз! Әрине, кездесуде түрлі электронды жүйенің сұлбасын сызып, шешілмейтін есептерді шығарудың қажеті жоқ. Ойлы қадам аттаған сәтте, өзіңе демеу болып, арқа сүйейтін адам таңдаған дұрыс. Деңгейі төмен жігіттер көбіне:
* Танысқан сәтте қай оқу орнын бітіргеніңізді сұрап, сол университет туралы мүлдем хабарсыз болса;
* Мамандығыңызды сұрап, «сонда сіздер немен айналысасыздар» деген сұрақтар қойылса;
* Сіздің айтқан әңгімеңізге қосылмаса. Демек оның айтары жоқ;
* Өзінің мансабы мен бастығын қайта-қайта айтатын болса. Ол өз бастығы мен әріптестерінен басқа ешкіммен сөйлесіп көремеген;
* Айтқан әңгімесінде түйін, нақты қорытынды болмаса. Онда өзіндік пікірі жоқ.
Бұл жай ғана мысалдар. Бірақ кездесу кезінде нендей жайттар болмаса да, әңгімелесушінің сөзі мен жүріс-тұрысынан қандай адам екенін аңғаруға болады.