Төмендегі суреттегі жүзі жарқын әйелге қарап отырып, қайғы мен мұңнан ада жан екен деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Олай емес. Бұл әйел 11 жасында ешкімге керексіз болып далада қалды, 16 жасында өмірден түңіліп, сайтан судың соңынан еріп кетті, 20 жасында өмірге сәби әкеліп, оны 18 жыл бойы жалғыз өсіріп келеді. 41 жасында қатерлі ісік ауруына тап болып, жалғыздан-жалғыз жеңіп шықты. Және 45 жасында өмір бойы күткен махаббатын кезіктіріп, отбасы жылуын сезініп, биік мансапқа жетті...
Регина Бретт – танымал американдық журналист, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты. Ол өмір жолында кездескен қиындықтардан сабақ ала отырып, "Өмірге арналған сабақтар" деген атпен мақала жазады. Қазір бұл туынды өте кең танымалдылыққа ие болып отыр. Сіз де оларды оқып отырып, өз тәжірибеңізбен, көрген-білгеніңізбен толықтыра аласыз. Әсіресе көкейтесті сауалдарыңызға жауап тауып, шым-шытырық жағдайға тап болғанда тигізер көмегі шаш-етектен. "Кітап – ең жақсы дос және ең қымбат кеңесші" деп бекер айтпаса керек...
1. Өмір әділетсіз, бірақ бәрібір жақсы.
2. Егер күмәнің болса, тағы да бір қадам жасап көр.
3. Өшпенділікпен өткізу үшін өмір тым қысқа.
4. Сен ауырғанда жұмысың қамқорлық жасамайды. Ол достарың мен ата-ана, бауырларыңның қолынан келеді. Осы қарым-қатынастарды сақтай біл.
5. Әр ай сайын қарыздарыңды төлеп тұр.
6. Әрбір пікірталасты жеңіп шығу міндетті емес.
7. Біреудің иығына басыңды қойып отырып жылап ал. Жалғыз жылаған жаныңды емдей алмайды.
8. Ең алғашқы айлығыңнан бастап зейнетақыға жина.
9. Әңгіме шоколад туралы болғанда, оған қарсы тұрудың мәні жоқ.
10. Болашағың мен қазіргіңді құртпасын десең, өткеніңмен тату бол.
11. Бала-шағаңның алдында жылап алуға болады. Жиі емес.
12. Өз өміріңді басқаныкімен салыстырма. Олардың не көріп, неден өтіп жүргенін елестете де алмайсың.
13. Қарым-қатынастар құпия болса, оған қатыспағаның жөн.
14. Бәрі де бір сәтте өзгеруі мүмкін.
15. Терең демал. Бұл ойды тыныштандырады.
16. Пайдалы, әдемі, күлкілі көрінетін дүниелердің бәрінен құтыл.
17. Өлтірмейтін нәрсе, сені мықты ете түседі.
18. Бақытты балалық жасау ешқашан кеш емес. Алайда, екінші балалық шақ өзіңе ғана байланысты.
19. Өзің жақсы көретіннің соңынан ілесуге мүмкіндік туғанда, ешқашан "жоқ" деп айтпа.
20. Бар жақсыны пайдалан, таза жаймаларды төсе, әдемі іш-киімдер ки, Ерекше жағдай үшін ештеңені де сақтаушы болма. Сол ерекше жағдай – бүгін.
21. Артығымен дайындал, содан кейін болатын нәрсенің бәрі болады.
22. Оғаштыққа қазір жол бер, ашық-қызыл түсті киім кию үшін кәрілікті күтпе.
23. Сеннен басқа ешкім бақытыңа жауап бере алмайды.
24. Кез келген қиыншылықта " Бес жылдан кейін осының маңызы бола ма?" деген сұрақты қой.
25. Әрқашан өмірді таңда.
26. Бәрін де кешір.
27. Өзгелердің сен туралы не ойлайтыны қызықтырмау керек.
28. Уақыт бәрін емдейді. Уақытқа уақыт бер.
29. Жағдайың жақсы болса да, жаман болса да – өзгереді.
30. Өкінумен өткізу үшін өмір тым қысқа. Өмір сүр, жұмысың да жаса. Немесе жаныңды тапсыр.
31. Өмірді зерттеп-зерделеудің қажеті жоқ. Сен онда пайда боласың да, үлгергеніңнің бәрін жасап кетесің.
32. Қартаю – жастай өліп кетуге қарағанда, әлдеқайда тиімді балама.
33. Сұрамасаң, ештеңе ала алмайсың.
34. Ең соңында мәні бар нәрсе – сүйіп көргенің ғана.
35. Әр күн сайын далаға шығып серуенде, таңғажайыптар барлық жерде болады.
36. Біздер барлық қиындықтарымызды жинап, өзгеніңкімен салыстырар болсақ, қуана-қуана өзіміздіңкін алар едік.
37. Көреалмаушылық – уақытты өлтіру. Сенде керектің бәрі бар.
38. Алайда жақсының бәрі алда күтіп тұр.
39. Қандай күйде екенің маңызды емес, орныңнан тұр, киін және адамдардың арасына еніп кет.
40. Әдемі бантиктерге оралып тұрмаса да, өмір – үлкен сыйлық.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: toonaripost.com