Иә, рас. Әр ару – ханшайым. Кейбір қыз-келіншектер еркектің ісін атқарса да, жүрегі нәзіктікке толы келеді. Әйел адам – әлсіз жаратылыс. Сондықтан көрінбейтін тәж киген нәзік жандылар әдемілігін, нәзіктігін сақтап қалам десе, мына кеңестерді оқып көрсін демекпіз.
Біріншіден, жымиыңыз. Әйелге жайдары жүрген жарасады. Күліңіз, өмір сондай тамаша! Қабағы қарс түйілген қызға ешкім де жолағысы келмейді.
Екіншіден, ер адамыңызға сүйеу болыңыз. Оның жетістігін мақтаңыз, еркекті еркек деп мойындаңыз. Сол кезде ер адам одан сайын қанаттанып, сізді жақсы көре түседі.
Үшіншіден, көйлек киіңіз. Сонда сіздің энергияңыз тасып, әйел екеніңізді шын сезінетін боласыз.
Төртіншіден, шығармашылықпен айналысыңыз. Әйелдер сезімтал келетіндіктен, шығармашылық әйелдің күшін толтыра түседі.
Бесіншіден, үйді тазартып, тамақты дәмділеп жасап қойыңыз. Бұндай үйге береке кіреді.
Алтыншыдан, өз-өзіңізді дамытыңыз. Спортпен шұғылданыңыз, кітап оқыңыз. Өзгені өсектегеннен гөрі өз-өзіңізге тереңірек үңіліп, арманыңызды, мақсатыңызды айқындаңыз. Өз-өзіңізді сүйіңіз!