Құрметті оқырман, бүгін біз баланың әр жастағы ата-анасы жайлы ойының қандай болатындығы жайлы сөз қозғамақпыз. Арасында күлетін де, жылағың келетін де, ойланатын да жерлері бар. Бастысы – шындықтың нақ өзі.
Сәби кезде
Анасы туралы: Дәмді тағам, сүттің иісі шығады, ұйықтар кезде ән айтады;
Әкесі туралы: Кешке келіп сүйеді, бетіндегі тікені ұнамайды;
1-3 жаста
Анасы туралы: Ұйықтайтын кезде ән айтады, ең әдемі, ең мейірімді;
Әкесі туралы: Төбеге лақтырып жүрегімді алады, ән айта алмайды;
3-6 жаста
Анасы туралы: Балабақшаға апарады, балабақшадан әкеледі, маған ұнамайтын сорпаны ішкізеді, ойыншық әпермейді, жыласам көп ойыншық әпереді;
Әкесі туралы: Балабақшадан алуды ұмытып кетеді, әткеншекке апарады, мейірімді, мейірімділігі соншалық, қолымды жумай балмұздақ жей беруіме рұқсат береді;
7-12 жаста
Анасы туралы: Үй жұмысын жасауымды талап етеді, телефонымды бір қарап шығады, компьютердің құпиясөзін өзгертіп тастайды, баяғы сорпасын тауысып ішуімді талап етеді;
Әкесі туралы: Менің планшетімді алып қоя береді, күлдіргі әңгіме айтады, кешкі тамақ дайын болмаса ашуланады, бес алсам тиын беріп тұрады;
14-17 жаста
Анасы туралы: Ол мені мүлде түсінбейді, мен бала емеспін ғой;
Әкесі туралы: Ол мені мүлде түсінбейді, мен бала емеспін ғой;
18-25 жаста
Анасы туралы: Ақшаны көбірек салып жіберсе болар еді ғой, сағат сайын телефон шала береді, баяғы сорпаны әлі ішкізеді;
Әкесі туралы: Көлік әперсе болар еді ғой, ақшасы жоқ емес қой, әзілдері дым күлкілі емес;
25-35 жас
Анасы туралы: Мен үшін қам жейді, неге әйелім анам сияқты сорпа жасай алмайды, айлығым түскенше пайдалана тұру керек еді;
Әкесі туралы: Айлығым түскенше пайдалана тұру керек еді, менің бастығымды жек көреді;
35-40 жаста
Анасы туралы: Қанша ауырса да білдірмейді, балаларды демалыста апарып тастау керек, баяғы маған айтатын әнімен немерелерін ұйықтатады;
Әкесі туралы: Немерелерінің планшетін алып қояды, бізді күлдіреді, немерелерін құшақтап сүйе береді;
40 жаста
Анасы туралы: Ұзақ өмір сүрсе екен!
Әкесі туралы: Ұзақ өмір сүрсе екен!