Шетелдіктер ғұмырын қалай өткізеді? Бәрін де он жылдан бөліп, жинақтасақ тым қарапайым.
Қытайлықтардың өмірі.
0-10 жас аралығы:
Сабақтан тыс көптеген өнер үйренуге мәжбүр болып, тоқтаусыз емтихан тапсырады. Көбі ата-ананың бет-беделі және үміті үшін құлшынады.
10-20 жас аралығы:
Таудай үйілген кітаптарды оқып бітіріп, таусылмайтын емтихандарға дайындалады. Мектеп бітіргенге дейін тапсырған емтихандар әрбір белеске шыққандай әсерде болады.
20-30 жас аралығы:
Тынбай таныстыруын әр мекеме, компанияға жіберіп, қызмет таба алмай қалудан алаңдайды. Ондағы қызмет табу теңізден ине іздегенмен бірдей.
30-40 жас аралығы:
Баспана мен көліктің құлына айналады. Бар мақсаты ақша табу, баспаналы болу, көлік мінуде ғана болады.
40-50 жас аралығы:
Баласының болашағын ойлап, тарта ішіп, тарта жеп, тынбай ақша жинауға құлшынады.
50-60 жас аралығы:
Өз қамын ойлауға енді кіріскенде, зейнетке шығатын уақытының жақындағанын аңғарады. Сосын тағы демалысқа шыққан соң не істеймін деп алаңдай бастайды.
60-70 жас аралығы:
Көп уақытын күтінуге жұмсайтынын біле тұрса да, тағы да немерелерін бағу міндеті бар екенін сезініп, алаңмен өтеді.
70-80 жас аралығы:
Олар енді ғана тыныш өмір өткізуге ойыса бастайды.
Жан үзер алдында қабірлік жердің өзі зәредей қымбат екенін байқайды да, мәңгілік мекенінің қамын ойламағаны үшін өкіне бастайды.
***
Еуропалықтардың өмірі.
0-10 жас аралығы:
Балабақша мен мектептегі әртүрлі сабақтан тыс қимылдарға қатысып, классикалық музыкалар үйренеді.
10-20 жас аралығы:
Өзінің жеке қабілетіне сай мамандыққа талпынып, өнерге ұмтылады.
20-30 жас аралығы:
Әртүрлі мәдениеттің ықпалына ұшырайды.
30-40 жас аралығы:
Мамандыққа табысқа жете алмаса бағдарсыз жолға түседі. Бірақ, сонда да күйремейді.
40-50 жас аралығы:
Балалық шағын еске алып, қайтадан сәнді өмірге ұмтыла бастайды.
50-60 жас аралығы:
Барлық жақтан толысып, тұрақтанып, мейірім мен қуанышқа толы тұрмыс өткізеді.
60-70 жас аралығы:
Шіркеуге көп барады. Сөйтеді де, өткен өміріне қорытынды жасайды.
70-80 жас аралығы:
Ұл-қыздарымен бірге қалған өмірін берекелі өткізе бастайды.
Көз жұмған соң өзіне бұйырған топырағында ұйықтайды.
***
Америкалықтардың өмірі.
0-10 жасқа дейін.
Ата-анасымен бірге саяхаттау, достарымен бірге ұйымдасқан әртүрлі қимылдарға қатысумен өтеді.
10-20 жас аралығы:
Махаббаттасады, арман қуады.
20-30 жас аралығы:
Қарапайым әрі орнықты қызмет табуға құлшынады және таба алады.
30-40 жас аралығы:
Өз мұратын біледі. Жатар жайы, көлігі, сайран салар ортасы бар. Тұрмыстан ләззаттана біледі.
40-50 жас аралығы:
Қызметке кіріседі. Сөйте тұра демалыс күндерін көңілді өткізеді.
50-60 жас аралығы:
Шіркеуге барып тәуәп етеді. Саяхат жасайды.
60-70 жас аралығы:
Өткен өмір елестерін жинақтайды. Тағы да саяхаттауға әуес болады.
70-80 жас аралығы:
Қалған ғұмырын барынша қамсыз өткізуге тырысады.
Көз жұмған соң әлеуметтік зиратқа жерленеді.
***
Ал біз ше?..
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com