- Негізгі бет
- Психология
- Әр әйел өзінше...
Әр әйел өзінше әдемі
Әдемілікке күтім жасаған кезде жүрек пен жаннан бастау керек. Себебі, әдемілікке ешқандай косметика көмектеспейді. Жылдар өтсе де, сұлулық қартаймайды. Сұлулық пен әдемілік хақында әлем пәлсапашылары қандай ой айтады екен?! Бірге оқиық.
Әдемі ойлар хош иіс береді. Жақсы адам иісінен көрініп тұрады. Семен Альтов
Ажарсыз бет-әлпет, ұсқынсыз мүсін көп әйелдердің жұмаққа баруына көмектеседі. Минна Антрим
Әйелдерге таңғы сегізден түн ортасы ауғанға дейін әдемі болып көрінуге тырысудан асқан ауыр жұмыс жоқ. Бриджит Бардо
Әдемілер қашанда тәкаппар болады. Лопе Де Вега
Әдемілік – жағдай мен жақсылықтың үйлесімі. Симона Вейль
Махаббат – ең үздік косметика. Джина Лоллобриджида
Кемшіліктеріңді жасыру үшін ақыл керек, ал абыройыңды көрсету үшін ақылың екі есе қажет. Грета Гарбо
Адам ішкі жан-дүниесімен ғана емес, сыртқы көрінісімен де жан-жақты, әдемі болуы керек. Галина Кравченко
Қол – қыздың визит карточкасы; мойын – төлқұжаты; кеуде – шетелдік төлқұжаты. Көріксіз әйел жоқ. Тек жалқау әйелдер ғана бар. Коко Шанель
Өмірде тамақ ішкеннен де артық қуаныш болған кезде ғана адам арықтайды. Инна Гофф
Ә. Жутаева