- Негізгі бет
- Психология
- Әр адамның 10...
Әр адамның 10 қасиеті #2
Көп ғасыр бойы жұлдызнама мәдени мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Адамдар ғылым тілі жауап бере алмаған «Жер бетіне не үшін келдік?» сынды сұрақтардың жауабын іздейді. Бүгінгі таңда ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктеріміз көп болса да, әрдайым өзімізді танып-білуге ұмтыламыз. Осыған орай, назарларыңызға әр адамның 10 ерекшелігін ұсынамыз.
Арыстан
1. Мен сіздерді жарқын болашаққа жетелеймін.
2. Біреуден көмек сұрағанша қол ұшын берген артық.
3. Табысты болғыңыз келсе, сыпайылық таныта біліңіз.
4. Арыстандардың аспаны әрдайым ашық.
5. Киген киіміңіз бен заттарыңыз сырт көзге қымбат көрінсін.
6. Жалақымның жоғары болғанын ұнатамын. Оны құртқанша асық боламын.
7. Пианиноға қарағанда рояль жақсы.
8. Сырттай нәзік көрінсем де, іштей барлығын басқаруды ұнатамын.
9. Үлкен істі ғана қолға аламын.
10. Мен бар кезде сіздерге күннің еш қажеті болмайды.
Бикеш
1. Өмірде ең бастысы еңбекқорлық пен сабыр деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.
2. Биязылық маған да жарасады.
3. Әркім өзгелер үшін қызмет жасаса да, өзі үшін ғана өмір сүреді.
4. Тәртіп барлық жерге керек.
5. Біздің бір-біріміз үшін жаралғанымызды логикалық тұрғыдан дәлелдеп беріңізші.
6. Үй жиһаздарының әдемі әрі қымбат болғанын жақсы көремін.
7. Адам көп жерде адасамын.
8. Шиені сүйегінен ажырату – жалықтыратын іс.
9. Жан дүнием сұлу екеніне күмәніңіз болмасын.
10. Жанжалдасуды ұнатамын.
Таразы
1. Сүйіктімсіз жүре алмаймын.
2. Сөз таластыруды мүлдем ұнатпаймын.
3. Келісу арқылы жеңе біліңіз.
4. Ақымақтар ғана өмірлік ұстанымдарына адал болады.
5. Кез келген адамды өз сөзіме сендіре аламын.
6. Сұлулық әлемді құтқарады.
7. Жұмыстың барлығын тек көңіл-күйіңіз жақсы болған кезде ғана орындағаныңыз жөн.
8. Таңдау жасау бәрінен де қиын.
9. Әр істі соңына дейін жеткізіп отыруға міндетті емеспіз.
10. Кімге жақтасатынымды өзім де білмеймін.
Сарышаян
1. Тиісетін ешкім жоғы өкінішті.
2. Өмірімізде жүзеге асатын әрбір оқиға диван секілді. Ішінде жасырынып тұрған серіппе болады.
3. Көрінген әзілге күле алмаймын.
4. Бәрінен арыла алсақ та, қызығушылықтарымыздың құлы болып қала береміз.
5. Махаббат сезіміне майданда да орын бар.
6. Менің сынымды кез келген адам көтере алмайды.
7. Менің қызығушылықтарым акула секілді. Су бетіне анда-санда ғана шығады.
8. Әлемге батырлар керек.
9. Адамзатқа пайдасы тиер шығармалардың барлығы аударылуы тиіс.
10. Мен кактус секілдімін. Гүлімді тек ерекше жандарға арнап ашамын.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Галия Карри
Қ. Бүйенбай