Кей қателіктің салдары жақсы болып, сол әрекетімізді тағы бір мәрте қайталағымыз келетіндей сәттер болады. Алайда өмір бойы өкіндіретін қателіктер де жоқ емес.
Жер бетіндегі тіршілік ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Осының салдарынан жаңа дүние ойлап табуға болмайтындай көрінеді. Адам ата мен Хауа ана секілді ұрпақтары осы күнге дейін тағдырдың сан соқпағына ұрынып, түрлі қателік жіберуде.
Жер шары бір орында тұрмайды. Күн сайын жаңа гаджеттер құрастырылып, ондаған жаңалық ашылуда.
Төменде адам баласы жіберетін 5 қателік жазылған. Сіз ол қателіктерден бойыңызды аулақ ұстайсыз деген ниеттеміз.
♦ Естеліктермен өмір сүру, өткен күнді аңсау
Естеліктердің барлығын жадынан шығарса, көп адам бақытты болатын еді. Сол кезде еш нәрсеге қарамастан тек алға жылжуды ғана ойлайды. Ал кейбірі ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді жөн көреді. Адамдар мен олардың мүмкіндіктері әртүрлі. Мен дәл қазір қоғам ойлап тапқан ережелерді емес, алдымызға қойған мақсаттар туралы айтып жатырмын. Бақыт, шіркін! Бізге өткен өміріміздегі тәтті естеліктерді ұсынса да, үнемі жаңа қадамдарымызға кедергі жасап тұрады.
Бақытты өткен шақтың арқасында бүгінге күнге жеттік. Ол өмірімізде елеулі орын алады. Нағыз бақыт өмір сүруде. Ал өмір дегеніміз – көзді ашып, жұмғанша өте шығатын қас қағым сәт қана.
©Тимур Утешбеков
♦ Нар тәуекелден қорқу
«Титаникті өз ісінің шеберлері, ал құтқарушылар кемесін әуесқойлар құрастырған» деген сөздер таныс болар.
Бұл жалғанда барлығы да оңай. Өзіміз қиындатуды жақсы көреміз. Мүмкін дәл қазір ЖОО-ны қызыл дипломмен бітіріп, жалақысы жоғары жұмысқа орналасқыңыз келетін шығар. Әрекет етер болсаңыз, мұның барлығы жүзеге асып, өміріңіз түбегейлі өзгереді.
Кейде нар тәуекелге ешбір жоспарсыз бару арқылы адамзат тарихында қалып, атағымыз жер жарады. Мысалы, Гарри Потер кітабының авторы Джоан Роулингті алыңызшы. Ол бірнеше жыл бойы кітабын басып шығаратын агенттік іздеп жүрген. «Жоқ» сөзін 12 мәрте естісе де, мақсатына жету үшін тынбай еңбектенген. Ал қазір оның кітабын балалар мен ересектер ынтыға оқиды.
Өзімізге, өз күшімізге сене білуіміз керек. Болашаққа деген сенім мен тәуекелшілігіміз болмағанда велосипед, компьютер, ұшақ, ұялы телефон сындылар ойлап табылмас еді. Сіздің тәуекелшілдік әркеттеріңіз әлемге жетіспейді.
©Павел Янцен
♦ Қоғам ұсынған стереотиптерге сай өмір сүру
Буырқанған тіршіліктің арасында өмір сүретін жандар болады. Олар реалист болса да, ойға сыймайтын идеяларды айтуға құмартып тұрады. Мұндай адамдар тұтқаны көтермей қойған кезде қандай ессіз әрекеттер жасап жүр екен деген ой келеді. Олар дәл осы уақытта балалар үйіне барып, үй тапсырмасын жасауға көмектесіп отырулары да ғажап емес.
Олар сырт көзге бір қарағанда жеңілтек, жауапкершілігі жоқ адам болып көрінуі мүмкін. Кім қалай ойласа да, олар әрдайым бақыттың құшағында жүруді жөн көреді. Мен ерекше адамдардың қатарына қосылуға үгіттемеймін, тек барлық істі саналы түрде орындауға, уақытты тек қажетті істер мен сүйікті адамдарға арнауға шақырамын.
Көзіңізді жұмып, дәл қазір не істегіңіз келетіндігі туралы ойлап көріңізші. Мүмкін балмұздақ жегіңіз келетін шығар? Оны жегіңіз келсе, барып сатып алыңыз. Кезекті демалысқа шығуды армандап жүрсіз бе? Бұл арманыңызға жету үшін жоспар құрыңыз. Өмірлік жарыңызды жолықтырғыңыз келе ме? Адармен ортақ тақырыпта әңгіме-дүкен құрып, алғашқы сезімнен ләззат алыңыз. Жасқанбаңыз.
Болашақты күтемін деп бүгінгі күніміздің қалай өтіп кеткенін байқамай қалатын сәттер жиі болады.
©Евгений Яукьянов
♦ Бақыт құсын ұшқан кезде ғана қадірлеу
Қолда бардың қадірін білмейтініміз рас. Бұл сөздің құлаққа жауыр естілетінін білемін, десе де астарында ойлануға тұрарлық көп сыр жатыр. Біз үнемі маңайымызда жатқан алтынды көрмей, оны өзге жерден іздейміз деп әуреге салынамыз. Адамдарды мәңгілік жанымызда жүре береді деп ойлаймыз. Бір сәттік ашуға бой алдырып, телефон тұтқасын қоя саламыз.
Алайда негатив бар жерде бақытты болу мүмкін емес. Ал позитивті іздей берер болсаңыз, оның шегі жоқ екенін байқайсыз.
Бізді айналамыздағының барлығы бақытты етеді. Қоршаған әлем – жан дүниеміздің айнасы. Ойымызды тазарту арқылы кемелдене түсеміз.
©Наталья Витковская
♦ Бақытты ақшамен өлшеу
Адамдар бақыт ақшада емес екеніне өздерін сендірсе де, үнемі көп ақша табуға ұмтылады. Кейде соңғы рет қашан бала-шағасының маңдайынан құшырлана сүйгенін ұмытып, күні-түні жұмыста болады. Мына заманда ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Кейбір адам бақытты ғұмыр кешу үшін жұмыс істесе, енді бірі жұмысты өмірдің мәніне айналдырып жібереді. Осы екеуінің ара-жігін ажырату қиын болса да, дұрыс таңдау жасауға тырысу керек.
Бақыттың құны ақшамен, дүние-мүлікпен өлшенетін болса, біз одан осыдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын айырылып қалар едік. Ал алаяқтар оны заңсыз түрде саудалап, бұзақылар банктен ұрлағандай тартып алар еді.
Бақыттың құны неде? Оның қолжетімділігінде. Ата-анаңыздың, бауырларыңыздың амандығы, дүниеге келген сәбиіңіздің шыр еткен даусы, сүйіктіңізбен алғашқы қол ұстасу – осылар нағыз бақыт болмақ.
Бақыт сатып алуға болмайтындығымен де құнды.
Ал Сіз дәл осылай қателесіп көрдіңіз бе?
Оқи отырыңыз:
Өтер де кетер жас шағың
Қыздар қандай ер адамдарды ұнатпайды?
Өмірде өз орныңызды табуға көмектесетін 50 сұрақ
Араласқанды адамдар, расымен де, сұлу ма?
Басты сурет авторы: Данияр Шаймергенов