Кезекті материалымызда әңгімелесушіңізді бақылауға көмектесетін бірнеше фактілерді келтіруді жөн көрдік.
1. Психолог мамандар адамдар бетпе-бет кездескенде барлық уақыттың 60%-ында ғана бір-бірінің көзіне тік қарап тұратындығын айтады. Алайда екі жағдайда бұл ереже қате деп танылады: ғашықтарда және агрессивті адамдарда. Сондықтан, бейтаныс адамның өзіңізге ұзақ қарап тұрғанын байқасаңыз, жоғарыдағы екі жағдайдың бірін еске түсіріңіз.
2. Визуалды қарым-қатынастың ұзақтығы әңгімелесушілердің арасындағы қашықтыққа байланысты. Олардың арасындағы қашықтық ұзарған сайын бір-бірінің көзіне дәл соншалық тік қарай алады. Сондықтан, әңгімелесушілердің бір-біріне қарама-қарсы және алшақ отырғаны жөн.
3. Бойжеткендер өзіне ұнайтын жандарға ұзақ қарайды, ал бозбалалар өзін ұнатқан қызға көп қарайды. Бойжеткендер көз бен көздің түйісуін қалыпты түрде қабылдайтындықтан, өзіне жаман оймен қарап тұрған адамды танымай қалуы мүмкін.
4. Көзін тайдырмай қарап тұрғанның барлығы адал немесе шыншыл адамдар емес. Жаттығып қалған адам қолын бетіне тигізбей бірнеше минут шыдай алады. Ал егер өтірік айтып тұрған адам болса, оның бұл әрекетін бірден тануға болады. Олар қолымен аузы мен мұрнын жауып, көзі жүгіре бастайды.
5. Көздің қарашығының көлемінің өзгеруін басқару мүмкін емес. Оның кеңейе түсуі қарап тұрған затына деген зор қызығушылықты білдіреді. Ал керісінше жек көрушілікті оның көлемінің тарылуы білдіреді.
6. Нейролингвистикалық бағдарламалау теориясы адам көзінің қозғалысы арқылы оның қандай образды елестетіп отырғандығын білуге болатындығын айтады.
7. Егер әңгімелесушіңіз солға-жоғары қараса немесе жай ғана жоғары қараса, ол көз алдына бір нәрсені елестетуге тырысуда. Мысалы: "Алдағы аптада болатын тойға қандай киім алдың?" – деп сұрақ қойсаңыз, ол адам бірден солға және жоғарыға қарайды.
8. Ал егер оңға-жоғарыға қараса, ол адам бұрын-соңды көрмеген дүниесін көз алдына елестетуге тырысуда. Мысалы, жақын досыңыздың үстіне скафандр киіп алғанын елестетіп көріңізші.
9. Сол жаққа қарай бағытталған көзқарас бір әуенді немесе сөздерді жадында жаңғыртып жатқандығын білдіреді. Мысалы, Біржанның Ләйлім шырақты шырқап жатқаны туралы ойлаңызшы.
10. Солға-төменге бағытталған көзқарас ішкі монологты білдіреді.
11. Төменге немесе оңға-төменге бағытталған көзқарас – кинетикалық ойлау. Мысалы, эмоционалды және сипап сезу түйсіктері. Оны сезіну үшін жылы мамық төсегіңізді елестетіп көріңізші.
12. Солақайлар үшін картина төңкеріліп тұрғандай көрінеді.
Осылайша әңгімелесушіңізді бақылау арқылы өзіңізге қажетті кез келген шынайы ақпаратты ала аласыз.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: вк желісінен