- Негізгі бет
- Психология
- Әңгімелесудегі нашар әдеттер...
Әңгімелесудегі нашар әдеттер
Әңгімелесу – кім-кімді де бір-біріне жақындатып, достық орнататын қарым-қатынас түрі. Бірақ әңгімелесер кезде мынадай нашар әдеттерден аулақ болыңыз.
Тағатсыздану
Біреумен әңгімелескеніңізде оның айтқан сөздеріне зауқыңыз соқпаса, дөрекілікпен оның сөзін бөліп, әңгімені басқа жаққа бұрмаңыз. Сізбен әңгімелесіп отырған адамның көңілі дәл осы дөрекіліктен қатты ауырады. Кейде, оның әңгімесін орта жолдан бұзып әкеткеніңізде, ол ештеңе болмағандай тыңдағанымен, көңілінде сізге деген бір өкпе қалып қояры даусыз. Ол екінші рет сізбен әңгімелесуден бойын аулақ салатын болады.
Тәкаппарлану
Өзіңізді үстем орынға қойып, тәкаппарланып, салауатыңыз бен бет-беделіңізді айтып лепірсеңіз, әңгімелесіп отырған адамға шын көңілмен әңгімелесіп отырғандығыңыздан күмәндандырып аласыз. Мұндай сәтте сөзіңіз де бір жерден шықпайды. Ал қарсыласыңыз, сабырлы, салмақты адам болса, сіздің тәкаппарлығыңыз оның көңіліне тым сүйкімсіз әсер қалдыратынын ұмытпаңыз.
Әңгімелесіп отырғанда екі жақ бір-бірінің сұрауына жауап беріп отырғанда ғана өзара толықтап, сәйкесе алады. Тек ауыз жаппай өзіңіз ғана сөйлей бергеннен әріптесіңізді бірден жалықтырып аласыз.
Сөздің дөрекілігі
Достарыңызбен сырласқанда ашық-жарқын, турашыл болыңыз. Достарыңыз немесе оның жақындары бірер көңілсіздікке тап болған жағдайда, абайлап сөйлесіңіз. Мысалы, науқасқа шалдыққан досыңызбен бет көріскенде оған «Жақыннан бері ауырып жүрсің бе?» дегеннен көрі «Жақыннан бері денсаулығың жақсарып қалған шығар» деген сөз әлдеқайда жылы естіледі.
Өтірік сөз
Бір ауыз өтірік айтсаңыз да, әріптесіңіздің көңілін суытып, өз образыңызға дақ түсетінін ұмытпаңыз. Әңгімелесіп отырғанда өтірік сөз адамның көзі мен қимыл-қозғалысынан бірден аңғарылып тұрады. Өтірік сөз сіздің әріптесіңізге әккі, алаяқ етіп көрсетеді.
Суық рай таныту
Қоғамдық психология ғылымында «Өзін сәулелендіру үшін ой алмастыру және қарсы жақты өзіне тарту кем болса болмайды» делінген. Басқалар бірер әурешілікке жолығып, басына іс түскенде, сіз оның әңгімесін суыққандылықпен тыңдасаңыз немесе ол бірер көңілділікке жолыққанда, оның қуанышы үшін ешқандай көзқарас танытпасаңыз, басқаларға кеудемсоқ, қызғаншақ болып көрінеріңіз анық. Мұндай адамдар ешқашан да біреумен сырласпақ түгілі, тіл табыса да алмайды. Құсалықпен өмірі өтетін адамдардың көбінің ортаға деген көзқарасы тым суық боп келеді.
Білгішсіну
Кейбіреулер білмейтін нәрсесін, мысалы, саясат, экономика, қоғам әлдебір ұлы адамдар өмірі жайлы көпіріп ұзақ сөйлейді. Білгенін жұртпен бөліскен әрине жақсы іс. Бірақ, кей сәттерде осы үшін екі адам ортақ пікірге келе алмай жатады. Сондықтан, мұндай істерді білмейтін нәрселеріңізді қарсы жаққа сұрау мағыналы көзқараспен жеткізіп, оның айтқанын да қабылдап отырған жөн. Сонда ғана сіз шынайы біліміңізді өзгелердің санасына толықтай сіңіре аласыз.
Ибаның кемшілігі
Біреудің немесе әңгімелесіп отырған адамыңыздың абайсызда қателесіп айтып қалған сөзі іліп әкетіп, күлкіге, келемежге айналдыру. Немесе сол үшін орынсыз қалжыңдау. Бұл досыңызды бірден көңілсіздендіреді. Оның үстіне бұл досыңыздың сағын сындырады. «Тіл табысарда жауыңа да әдепті бол» дейтін шығыс даналығын есіңізден шығармаңыз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: ibusiness.ru
Қ. Қауымбек