Әңгімелесудегі 5 қателік

Әңгіме жүргізе алу да өнер. Оны әрдайым жетілдіріп отыру қажет. Елге қызықты бола алсаңыз сізге адамдар да тартылып, үлкен мүмкіндіктер ашыла түспек.

Алайда әңгімеңіз жарасымды болу үшін шешен, қызығушылығы мол адам болумен қатар төмендегі келтірілген қателіктерді жібермейтіндей сабырлық та қажет:

1. Мақтаншақтық

Кейбір адамдар жаңа көлігі немесе зор табысы жайлы айтсам, елге үлкен әсер қалдыра аламын деп ойлайды. Әрине, солай ғой. Бірақ олар өзі сияқты ақымақтарға әсер қалдырады. Парасатты адамдар оларды қызықсыз әрі жеңілтек деп есептейді. Біреу өзін көтермелегісі келгенде бұл бірден байқалады, және де мұндай тырысулар жағымсыз әсер қалдырады.

2. Тым көп ақыл айту

Әр адам өзінше ақылды. Біреу-міреу сізге басын қатырып жүрген мәселелерін айтуға келгенге, ең бірінші басқа келетіні – қолдау білдіру, өз ойыңды айту, тәжірибеңмен бөлісу. Бірақ кейде адам жай ғана ашылғысы келуі де мүмкін. Егер пікіріңіз артық екенін сезіп тұрсаңыз, оны іште сақтап үйреніңіз. Әдетте адамға шынымен пікіріңіз қажет болса, ол оны өзі-ақ сұрайды. Мұндай жағдайда асыра сілтемеңіз. Ақыл айтамын деп тым әуестеніп кетсеңіз, бар сұраққа жауабы табыла қоятын ақылшысымақ боламын деп, мәселемен басы қатқан адамның жүйкесіне тиюіңіз әбден мүмкін.

3. “Ал мен… ал маған… ал менде…”

Бір ғана тақырыпта сөйлеуге құмар адамдар бар. Яғни, тек өзі жайлы. Кез келген диалогты өзі жайлы монологқа айналдырып жібереді. Егер сіз: әңгімелесушіңізді әрдайым: «Бұл түк емес қой, ал менде...» деген сияқты сөздермен бөліп, өзіңіздің оқиғаңызды айтып бастап кетсеңіз, әңгімені өзіңізге қызық тақырыпқа айналдырып жібере берсеңіз және талқыланып бітсе де, айтқыңыз келіп тұратын болса, тым көп сөйлесеңіз - ойланыңыз. Кез келген жағдайда әңгімелесушіңіздің әңгімесін толық тыңдап болған соң ғана, сөз алыңыз.

4. Өсек

Жаңа танысқан адамыңызбен көрші отырған әйелдің ебедейсіз киімін, ортақ танысыңыздың жуылмаған шашын немесе көршіңіздің жаңа махаббат хикаясын талқылауды жөн санадыңыз ба? Онда бұл адам кейін жоқ болып кетсе таң қалмаңыз. Өсек айту мен айналадағы адамдарды талқылау – екінің біріне жақпайды. Мұндай әңгімелермен сіз өзіңізді басқалардан жоғары екеніңізді көрсетсеңіз де бұл сізге абырой бермейді. Сонымен қатар, басқаларды кірісе талқылап жатқаныңызға қарап, ол кеткен соң оған да көшуіңіз мүмкін деп ойлауы бек мүмкін. Ал бұдан кейін кім сізге қарай тартылсын?

5. Қателесіп қаламын деп қорқу

Әңгімелесудегі ең басты қателіктердің бірі – қателесіп қаламын деген қорқыныш. Адам өзі жайлы жағымды әсер қалдырғысы келіп, қатты тырысып жатса – бұл бірден білінеді. Ол әрбір сөзін талдап сөйлеп, ал ойлары диалогта емес, өз-өзімен арпалыста болады. Негізінде бәрі қарапайым. Не айтып жатқаныңызды ойлаңыз және ойлағаныңызды айтыңыз.

Мұндай қателіктерді жібермеу үшін не істеу керек?

Бәрі өте оңай. Өзіңіз жайлы көп ойламаңыз. Аталып өткен мәселелердің барлығы өз МЕН-іңізге аса көп назар аударғаннан туындайды. Эгоңыздың шектен шықпауын қадағалап, әңгімеден ләззат алуға тырысыңыз.

 

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина