Басы...
15. Ары мен жаны таза қыздар тек жігіттердің ғана емес, өмірдің де мәні.
16. Анаңмен айтылатын тақырыптарды әкеңмен талқылаушы болма.
17. Тамақ жасауды, жай ғана жасауды емес, дәмді етіп жасауды үйрену үшін алдымен тұрмысқа шығып алу маңызды емес.
18. Жігіт таңдағанда жауапершілігі мен адамгершілігі барын көздегенің дұрыс.
19. Ішімдік ішіп, шылым шегуді және түнде жөнсіз қыдыруды сүйетін қызды жұрт сүймейді.
20. Әйел адамның денсаулығы – болашақ балаларының өмірінің құтқарушысы. Ана болу үшін қыздарға жас кезінен бастап денсаулығына аса жауапкершілікпен қарау міндет. Нәзік жаратылыс иелері суық пен ауыр күш еңбегінен ары болғаны дұрыс.
21. Қаланың да, ауылдың да адамдарын бөле жармай, бәрімен жылы қарым-қатынас орнату керек.
22. Адамдарды әлеуметтік тобына қарай, қалтасы мен дәрежесіне қарай бөле жармай, бәріне бірдей қарым-қатынас таныту керек.
23. Басыңа қайғы-қасірет түскенде тез мүжіліп қалмау үшін мықты болу керек.
24. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық».
25. Үйіңе келген адамға тамағыңды бермесең де, қабағыңды бер. Содан кейін тамағыңды бер...
26. Өміріңе өкпе артпай, барыңа қанағат ет. Сенің қолыңда бар көптің қолында жоқ болуы мүмкін.
27. Қолыңдағы наныңды мұқтаж адамға бөліп бергеннен сен де, ол да аштан өлмейді. Ол алғыс айтады, ал сен әлдекімге бір көмегің тигенің үшін ырза боласың.
28. Тігін тігуді кішкентай күніңнен үйренгенің өзіңе жақсы. Қолынан тігіс келмейтін қызардың шаруаға аса ебі бола бермейді.
29. Тазалықты сүю – қыздарға ең қажет міндет. Өзіңді және айналаңды таза ұста. Сонымен қатар жаныңды да...
30. Әйел адам бір ғана рөл атқармауы керек. Өз ата-анасына – қызы, ата-енесіне – келіні, жолдасына – жұбайы, бала-шағасына – анасы, жұмысындағыларға – әріптесі, ауылдастарына – көршісі, достарына – құрбысы дегендей рөлдерді қатар атқарған әйелдің тұйықталып қалу қаупі жоқ.
31. Қыздардың ер адамға қылық көрсетіп, жігіттермен ғана сөз жарастыруы да сүйкімді көрінбейді. Қызға тән қылығы бар бойжеткеннің тартымдылығы бәрінен де көп маңызға ие.
Қызы бар анаға кеңес айту – бізден, ал оны қызыңызға жеткізу және өткізу – сізден. Қыз тәрбиесін дұрыстап қолға алып, әдепті ұрпақ өсіретін болашақ ана тәрбиелейік.
Сурет: amur.kz
Ұқсас жазба:
Әкесі ұлына үйретуі керек кеңестер