Әйел адам босанған кезде оның ағзасында көптеген өзгерістер орын алады. Ана атанған әйелдің сезімтал, жылауық немесе ұмытшақ болып кеткенін байқадыңыз ба? Ана болған кезде әйелдің миы қалай өзгеретінін бақылаған қызықты зерттеулердің нәтижелерін ұсынамыз.
1-факт: Әйел шынымен де эмоционалды болып кетеді
Бала босанғаннан кейін әйел бұрынғыдан да ренжігіш, жылауық және көңілі тез босайтын болып кетеді.
2022 жылы өткізілген канадалық зерттеу мидағы бадамша пішінді дене реакциясының күшеюінің себебінен бала туған әйел эмоционалды бола түсетінін көрсетті. Зерттеуге бас миына МРТ жасатқан 22 әйел қатысқан. Сондай-ақ олар аффективті реакцияларды анықтауға тесттер орындаған: олар жымиып отқан өз баласының немесе басқа да қуанышты балалардың суреттерін қарайды. Барлық әйел өз баласының суреті қаттырақ эмоция шақыратынын айтқан. Ғалымдар осы сәтте мидағы бадамша пішінді дененің белсенділігі жоғары болатынын байқаған. Зерттеушілер мұндай реакция анасының өз баласына қамқорлық жасау мотивациясын арттыруы мүмкін екенін айтты.
2-факт: Окситоцин көбірек жиналады
Ана өз баласының жылағанына өте сезімтал келетінін байқаған боларсыз. Мұны ғалымдар әйелде окситоцин гормонының артып кетуімен байланыстырады.
АҚШ-тағы ми зерттеуші Рут Фельдман ми гипофизінің артқы бөлігіне жиналатын окситоцин гормонының деңгейі аналарда айтарлықтай артатынын айтқан. Ғалымдардың айтуынша, осы окситоцин гормоны ананың балаға жақындығына әсер етеді және араларындағы психологиялық байланысты реттеуге көмектеседі. Окситоцин деңгейі баламен өзарабайланыс кезінде артады. Мысалы: анасы жымиып жатқан баласына қарағанда немесе оны құшақтағанда. Әйел қаншалықты баласына жиі күтім жасаса және оған қаншалықты көп уақыт жұмсаса, бұл гормонның деңгейі соншалықты жоғары болады.
АҚШ-тағы ми зерттеушісі Пилен Ким де қызықты фактті байқаған:
Осы уақытқа дейінгі зерттеулер аналар өз баласының жылағанына сезімтал болатынын көрсеткен болатын. Баланы емізу кезінде окситоцин деңгейінің артып кетуі осы зерттеу нәтижесін түсіндіріп бере алады. Ал окситоцин ерлердің қамқорлық әрекетіне әсер ете ме? Бұл сұрақ зерттеушілерді де қызықтырды. Себебі бұған дейін олар науқасқа белсенді күтім жасаған ерлер миында окситоцин деңгейінің артатынын анықтаған еді. Алайда, тәжірибелер бұл ерлердің балаға қатысты қамқорлық әрекетіне ешқандай әсер етпейтінін көрсетті.
3-факт: Мидағы сұр заттың бөлігі артады
2010 жылы АҚШ-та өткізілген зерттеу бала босанған әйелдердегі сұр зат бөлігі артатынын көрсетті. Тәжірибеге 19 ана қатысты. Оларға бала көтергенге дейін, жүкітілік кезінде және босанғаннан кейін МРТ жасаған.
Психолг Пилен Ким осы зерттеу нәтижесіне түсініктеме берді. Оның айтуынша, мидың гипоталамус, бадамша пішінді дене, төбе аймағы және префронтальды қыртыс секілді бөліктерінде сұр заттың артуы байқалады. Бұл аймақтар эмоция, пайымдау және қанағаттанумен байланысты сезімдер мен әрекеттерге жауап береді.
4-факт: Есте сақтау нашарлайды
Бала босанғаннан кейінгі ұмытшақтық және алаңғасарлық жағдайды «ана миы» деген терминмен сипаттайды. Мұны, әдетте, толыққанды ұйқының болмағанымен және балаға күтім жасаудың қиындығымен байланыстырады. Алайда зерттеушілер себеп тек ода емесін айтады.
АҚШ-тық психолог Лора Глинннің зерттеуі жүктілік кезінде және босанғаннан кейін ауызша есте сақтау нашарлайтынын көрсетті. Яғни, көру және есту арқылы алған ақпаратты есте сақтау қиынырақ болады. Бұл өзгеріс жұмыс жадына және таныс заттарды тануға әсер етпейді. Ғалымдардың ойынша, бұл ми өз ресурстарын ана болуға қажетті басқа когнитивті функцияларға жіберу үшін қажет.