- Негізгі бет
- Психология
- Америкалық сүйгеніне флешмоб...
Америкалық сүйгеніне флешмоб арқылы үйленуге ұсыныс жасады
Америкалық жігіт сүйгеніне үйленуге ұсыныс жасау үшін флешмоб ұйымдастырды. Жас жігіттің сұрауымен "акция" қатысушылары қызға 300 қалампыр гүлін сыйлады.
Daily Mail-дың хабарлауынша бұл оқиға АҚШ-тың Бостон қаласында (Массачусетс штаты) өтті. Ютуб сайтына жарияланған видеода қала көшесімен серуендеп келе жатқан Терезаға айналадағы жүргіншілер бір-бірлеп келіп гүл ұсынады. Ару алғаш болып ұсынған жігіттің гүлін алмаса да, кейінгі жүргіншілердің ықыласын қабыл алды. Осылайша барлығы 300 шақты қалампыр жинаған оған соңғы сәтте сүйгені Джек гүлді жинауға көмек көрсетті.
Жергілікті мұражайға таяғанда Джек сүйгені Терезаға үйленуге ұсыныс жасап, көпшіліктің алдында келісімін алды. Кейінірек күйеу бала шараның мұражайда ұйымдастырылған себебін өздерінің алғашқы кездесуінің осы жерде өткендігімен түсіндірді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: youtube сайтынан скриншот