Манчестер университетінің зерттеушілері қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдардың ақыл-ой, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетінін анықтады. Мидың денсаулығы мен бұлшық ет күшінің арасында байланыс бары анық байқалады. Ендігі бұлшық еттерді дамытатын әрекеттер, мысалы зілтемір көтеру арқылы миды дамыту мүмкіндігі бар-жоғын анықтауымыз қажет, дейді зерттеушілер. Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше, қол қысқанда әлсіздік танытатын адамдар миындағы ақ заттың тығыздығы төмен болады екен. Осылайша, қолды қысу күші арқылы ересек және егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетіндегі өзгерістерді аңғаруға болады. Stan.kz