Жүрегімізде ғашықтық отын тұтандырған алғашқы махаббатымызды ұмыту бәрінен де қиын. Себебі біз олармен болашақ өмірімізді бірге құрастырып, өмір бойы бірге боламыз деп ойлаған едік. Естеліктеріміздің де ортақ болатынына сендік. Алайда дәл қазір барлығы бітті. Бәрі артта қалды. Енді өмір бойы жалғыз қалып, бақыттың құшағына тағы бір мәрте ене алмаймын ба деп қорқасыз. Есіңізде болсын. Алғашқы махаббатымызды ұмытуымызға болады. Ол үшін тек көп уақыт қажет.
1. Ең алдымен, оны ұмыту туралы шешім қабылдаңыз. Алғашында ауыр тиеді. Айналаңыздағы адамдардың жүзіне қарай алмай көп қиналасыз. Кейде барлығы қалпына келіп, бірге болатындай көрінеді. Өзіңізді осылай ұзақ уақыт бойы алдап жүре аласыз. Бірақ соңында бір-біріңіз үшін жаратылмағандарыңызды түсінесіз. Осыны түсінген соң, келесі әрекеттерге оңай көшесіз.
2. Онымен барлық қарым-қатынасты үзіңіз. Бұл да қиын. Алайда ең мықты тәсілдердің бірі екені рас. Егер өміріңіздегі ең жақын досыңызды жоғалтып аламын деп қорықсаңыз, еш уайымдамаңыз. Уақыт өте келе бұл сезімнің ізі де қалмайды. Айырылысуға бел буған адамдар дос болып қала алмайды.
3. Алғашқы махаббатыңызбен жолықпаңыз. Жолыға беретін болсаңыз, еңбегіңіз еш кетеді. Көзден алыстаған көңілден де алыстайды.
4. Оны сағынған кезде, не үшін айырылысқандарыңыз туралы ойлаңыз. Не үшін түсінісе алмайтындықтарыңызды, бір-біріңіздің қандай қасиеттеріңізді ұнатпайтындықтарыңызды еске түсіріңіздер. Өкінішке орай, ғашықтар айырылысқан соң, ең «тәтті» шақтарды еске алады. Барлық кемшілігін ұмытады.
5. Сізге сатқындық жасаса, оны ақтамаңыз. Сіз өзіңізді алдамайтын, шын сүйетін адамды әлі-ақ жолықтырасыз. Өткен өміріңізден сабақ алып, тәжірибе жинақтап үлгеріңіз.
6. Сіз қайта ғашық боласыз. Мұндайды басынан өткерген достарыңыздан сұрап көріңіз. Көп адам қатты қиналғанын, дәл қазір «олардан да» жақын, жақсы жанды жолықтырғанын айтады.
7. Өзіңізді күтіңіз. Ұйқыңыз қашып, өзге қиындықтарға тап боласыз. Түнде ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз, күндіз қатты шаршаңыз. Осылайша ұйқыңыз қанатын болады.
8. Мұны жалғыз өткеруге тырыспаңыз. Дәл қазір сіз үшін достардың орны бөлек. Олар жан сырыңызды тыңдап, қолдау көрсетеді. Көп уақытыңызды достарыңыз бен отбасыңызға арнаңыз. Және достарыңыздан оны көргені туралы сұраудың қажеті жоқ.