- Негізгі бет
- Психология
- Алғашқы махаббат бәрімізде...
Алғашқы махаббат бәрімізде болған
Алғашқы махаббат жүректі тербейді,
Мәңгілік бақ құсым қоштасқым келмейді, - деп ақындарымыз жырлағандай бір кездері жүрегімізді тербеп, түнгі ұйқымызды ұрлаған алғашқы махаббат бәрімізде де болған шығар. Әдетте мектеп партасында қасымызда отырған досымызға ғашық боламыз. Өскенде қыз бен жігіт болып, артынша үйленіп бақытты өмір сүреміз деген қиялға берілдік. Алайда дәл қазір олай емес. Біздің жүрегімізде болғанмен, ол бізді әлдеқашан ұмытқан. Бізді елемейді. Ал бізге одан өзге жан табылмайтындай көрінеді. Дәл осындай құлай сүйетін жан кездеспесе де, алғашқы махаббатымызды уақыт өте келе ұмытуымызға болады.
1. Бірінші кезекте оны ұмытуға өзіміз ұмтылуымыз керек. Бастапқыда ауыр тиеді. Өзгелерге қарағымыз келмейді. Алайда уақыт өте келе ол адаммен айрылысқанымыздың дұрыс болғандығын түсінеміз. Мұны түсінген соң келесі іс-әрекеттерді орындауға болады.
2. Онымен байланыстының барлығынан бас тарту. Айрылысар кезде дос болып қалуға уәделескен шығарсыздар. Бұл ойыңыздан да бас тартыңыз.
3. Онымен кездесіп қалудың мүмкіндіктерін іздемеңіз. Көзден алыстаған көңілден де алыстайды деп бекер айтпаған.
4. Не себепті айрылысқандарыңызды есіңізге алыңыз. Не себепті ұрысатын едіңіздер? Сізді алдаған болса, бұл әрекетін ақтап алуға тырыспаңыз. Сеніміңізге лайық адамды әлі-ақ кездестіресіз.
5. Алғашқы махаббаттан айрылу бұдан кейін ғашық болмаймын деген сөз емес. Бұл сезімді басынан кешірген жақындарыңыздан мән-жайды сұрастырып көріңіз. Олар алғашқы махаббаттарын әлдеқайда ұмытып, қазір есіне алса, күлетінін айтады.
6. Өзіңізді күтіңіз. Сізді ұйқысыздық мазалауы мүмкін. Бұдан арылу үшін бар болғаны күндіз шаршауға тиіссіз. Ал күйзеліспен күресу үшін жаттығулар жасаңыз.
7. Оны оңай ұмытамын деп ойламаңыз. Сол үшін достарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Олар тыңдап, көмектесуге әзір тұрады. Кезінде сүйіктіңізге бола оларды ұмытып кеткен болсаңыз, кешірім сұраңыз.
- Көп уақытыңызды отбасыңыз бен достарыңызға арнаңыз.
- Достарыңыздан «Оны көрдіңдер ме?» деп сұрамаңыз. Оның қалын да білуге тырыспаңыз. Бұның түкке де қажеті жоқ.
8. Сезімдеріңізге адал болыңыз. Барлығы жақсы деп жасандылық танытпаңыз немесе жақсы болып тұрса да, нашар деп тым әсірелеп жібермеңіз. Сүйіктісімен айрылысу әркімге түрліше әсер етеді. Өмірімен қош айтысып жататындар да аз емес. Сол себепті жаман көңіл-күйіңізді ішіңізге бүкпей, жылап алыңыз.
9. Қаласаңыз жылап алыңыз. Жылау – сіз ойлағандай әлсіздік емес. Артынша достарыңызға телефон шалып, бойыңызға энергия жинақтаңыз.
10. Айрылысуларыңызды пайдаланып, мақсаттарыңызды жүзеге асыруға кірісіңіз. Алдыңызға жаңа мақсаттар қойып, оларға жетіңіз. Музыкалық аспапта ойнап үйреніңіз, шет тілдерін меңгеріңіз.
11. Жабырқаудың қажеті жоқ. Мұңды әуендер тыңдау арқылы күйзеліске тап боласыз. Әсіресе, ғашығынан айрылғандығы туралы жазылған өлеңдердің де көмегі шамалы. Бастапқыда 1-2-ін оқып, артынша бас тартқаныңыз дұрыс.
- Мелодрамалық фильмдер көріп, өзіңізді қаһарманымен теңестірудің де қажеті жоқ.
12. Бойыңызға күш-қуат сыйлайтын іспен айналысыңыз. Шашыңызды қидырыңыз. Жаттығу залына барыңыз. Мүмкін шашыңыздың түсін өзгерткіңіз келген шығар...
13. Жалғыздықты жеңе біліңіз. Уақыттың емдейтіні шындық. Әрдайым еңсеңізді тік ұстаңыз.
- Сізді сағынбақ түгіл, есіне алмайтын адамдар үшін жылаудың ешқандай да маңызы жоқ. Сеніміңізді ақтамаған адамдардан бас тартыңыз;
- Өскен сайын барлығы да оңай болады. Алғашқы махаббатты тәжірибе деп қабылдаңыз;
- Өміріңіз тек сіздің ғана қолыңызда. Ақыл тоқтатып алға қадам басқыңыз келе ме, әлде өмірдің ыстық-суығына төзіп жаңа жолдар іздеуге ұмтыласыз ба?
- Сізге сабақ берген оқиғалар еш уақытта қателік болмайды. Ал айрылысудың ауыртпалығы уақытша ғана.
Қосымша кеңестер:
1. Одан алшақ жүруге тырысыңыз. Сіздердің айрылысуларыңызға себепші болған жағдайды немесе туған-туысқандарының қалын сұрамаңыз. Сырттай оны өзіңізге қайтарып алғыңыз келіп жүргендей көрінесіз.
2. Жаңа сезімдерге есік ашыңыз. Уақытыңызды оны ойлаумен құртқанша, болашағыңызды қалай жалғастыратыныңызды ойлаңыз. Ол мен туралы не ойлайды деген ойдан да аулақ болуымыз керек.
3. Әлеуметтік желілерге кіруге арналған құпия сөзінен хабардар болсаңыз, оны тексеріп әуреленудің қажеті жоқ. Ал егер сіздікін білетін болса, оны өзгертіп жіберіңіз. Оның парақшасына қайта-қайта кіру арқылы уақытыңызды құртасыз.
4. Бірінші рет болған дүние екінші рет қайталанбауы мүмкін. Ал екінші рет болған нәрсе міндетті түрде үшінші рет қайталанады. Сондықтан да тағы да бір рет ғашық болуға асығыңыз.
5. Жаңа хоббимен айналысыңыз.
6. Бұрын-соңды сізге жасауға тыйым салған әрекеттерді жасаңыз. Осылайша өзіңізді құрметтеп, жеке тұлға екеніңізді дәлелдеңіз.
7. Қайта ғашық болудан қорықпаңыз.
8. Достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен бірге жүріңіз. Олармен жаңа жерлерді аралап, жаңа тағамдардың дәмін татыңыз.
9. Оған әлі де сүйетініңізді айтпаңыз.
10. Жүрегіңіздің жараланғандығын мойындаңыз.
11. Оны ойлай бастаған кезде кітап оқыңыз.
12. Оны еске салатын сыйлықтарды қоқысқа тастаңыз.
13. Біреудің өшін өзгеден алмаңыз.
14. Уақыт – емші.
15. Дос болып қалудан бас тартыңыз.
16. Бұл адам шын мәнінде сізге керек пе? Осы сұраққа жауап іздеңіз.
17. Қалай айрылысқандарыңызды детальды түрде баяндаудың қажеті жоқ. Оны тек ең жақын деген адамдарыңызға айтып, талқылаңыз.
18. Олсыз өмір сүре алмаймын деген сөздерді ұмытыңыз.
19. Өлең жазып көріңіз. Әдетте шабыт сезімнің шырмауында жүрген кезде келеді.
20. Оны жек көрсеңіз де, сыртынан жаман сөздер айтпаңыз.
21. Барлығын ретке келтірудің пайдасы жоқ. Артық қыламын деп тыртық қыласыз.
22. Жер бетінде жүрегі жараланған жан сіз ғана емес.
23. Қателеріңізден сабақ алып үйреніңіз.
24. Суицид (өзіне қол жұмсау) туралы жиі ойлайтын болсаңыз, психолог мамандарға қаралыңыз.
25. Ішімдікке салынудан аулақ болыңыз.
Ал сіздің алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме?
Дайындаған Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk.com
Қ. Бүйенбай