Жігіттер жан-дүниеге қарағанда, сыртқы көрініске мән беретіні бәрімізге белгілі. Адамның сырты мен ішкі әлемі үйлесім табуы оңай емес. Десе де, ол біздің қолымыздан келеді. Әсем келбет, сүйкімді түр күтім жасалған денеден, сұлу жүз, таралған шаш, әдемі макияж және талғаммен киінуден бастау алады. Аталмыш көріністер бойыңнан табылып, ішкі сұлулығыңмен үйлесім тауып, үндесіп жатса, құба-құп. Жігітпен алғашқы кездесуде қателік жіберетін қыздар өте көп. Алғашқы кездесуге қалай барған жөн. Кеңестерге көз жүгіртіңіз.
Сән қуамын деп, тым ашық-шашық немесе әлем-жәлем болып киініп бару мәдениетіңнің тым төмендігін көрсетеді. Алғашқы кездесуге барынша қарапайым болып барған жөн.
Таралмаған шаш, баттастырылып жағылған бояу да бар сүйкіміңізден айырады. Сол себепті орнымен, мейлінше қарапайым макияж жасаған жөн.
Биік өкшелі аяқ киім сұңғақ, тартымды көрсетуі мүмкін. Алайда биік өкшемен жүре білу – өзінше өнер. Адымыңды кішірейтіп, арқаңды тік ұстауың шарт. Өзіңізді еркін сезіне алмасаңыз, алғашқы кездесуге тым биік өкшелі аяқ киім киюдің қажеті жоқ.
Сырт келбеттің басты сұлулығы – әдемі күлкі немесе жарқын жүз. Жігіттердің 80 пайызы қыздардың күлкісін ұнатады. Жымиып күлуді үйрен. Жасанды күлуден сақ бол.
Орынды сөйлей білу қажет. Мақтанышқа елітіп, көп сөйлеуден сақ бол. Кейін алғашқы кездесуде не айтқандарыңды еске түсіру қиын.
Еркін сезін. Егер өзің мазасызданатын болсаң, жігітті де ыңғайсыз жағдайға қалдырасың.
Кездесу барысында ұялы телефонды өшіріп қоюдың қажеті жоқ. Тек сәл ғана даусын бәсеңдетіп қойсаң жеткілікті.
Алғашқы кездесу ұзаққа созылмағаны абзал. Неғұрлым сабырлы да ұстамды болсаң, соғұрлым өзіңе пайдалы болмақ.
Даусың әуезді де тартымды болуы керек. Жігіт үшін дауыстың тәттілігі де жағымды әсер екені айқын. Асықпай, ойыңды ашық жеткізуге тырыс. Жүйелі сөйлеп үйрен.
Кешкі ас немесе тамақтануға бара қалсаңыз, пышақпен турауға оңай, төгіліп-шашылмайтын тамақты таңдаңыз. Ешқашан сұйық тамаққа тапсырыс бермеңіз.