Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес #2

Қазіргі кезде жігіт қызбен көбінесе ғаламтор желісі арқылы танысады. Біздің ұлтымызға тән ерекшелік - алғашқы жүздесуге жігіт қызды шақырады. Көптеген жайт, яғни, бір-бірімен жете танысу, ұнату-ұнатпау осы алғашқы кездесуге байланысты шешіледі. Бұған жігіт өзінше, қыз өзінше дайындалады.

Аруларымыздың өзін қалай ұстағаны жөн?

Басы

4. Жігітке ата-анасы, өзі жайлы сұрақтар қойғанда, тым қазбалап кетпеген жөн. Материалдық жағдайы жақсы жігіттер өзіне-өзі сенімді болады. Олар қызды сынау үшін қалтасының қалыңдығын бірден көрсетпеуі мүмкін. Сондықтан алғашқы жүздесуде жігіт туралы бәрін біліп алдым десеңіз, қателесесіз.

Тым ақылды арулардан да кейбір жігіттер қаймығады. Ашық-жарқын сөйлесе алмауы ықтимал. Сол себепті тым данагөйсіп кеткен де жөнсіз секілді.

Жалпы сізге қандай күйеу керек? Болашақ жарыңыз туралы әбден ой түйіп, нақтылап алсаңыз, өзіңізге жеңілдеу болары сөзсіз.

5. Уақытты дұрыс есептеңіз. Сағатқа қарап жалтақтап отырмас үшін, барлық шаруаны реттеп, кездесуге 2-3 сағат бөліңіз. Уақытыңызды бос жібермей, серігіңіздің сөзінен, дауысынан, қимыл-қозғалысынан ақпарат алуға тырысыңыз.

6. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын. Бұл күле беру деген сөз емес, алайда қабағыңыз ашық, жүзіңіз жарқын болғаны абзал. Жігіттің де қабағын аңдаңыз, егер оның көңіл-күйі төмен болса, демек, сізді ұнатпағаны. Мұндай жағдайда бағаңызды түсірмей, қоштасқаныңыз жөн.

7. Түйін жасаңыз. Жігіт сізге ұнады ма? Сырт көрінісі (Қыз Жібектің Төлегені болмаса да), жүріс-тұрысы, мінезіне берген алғашқы бағаңыз қандай? Сондай-ақ психологтар алғашқы кездесуде серігіңіздің иісіне де назар аударуға кеңес береді. Егер сізге жағымсыз ештеңе байқалмаса, онда сіз бұл жігітпен жарасып кетуіңіз әбден мүмкін.

8. Ақша алып барыңыз. Аяқ асты жағдайлар туындауы мүмкін болғандықтан, қалтаңызда артық ақша болғаны абзал.

Жігіт келесі кездесуге шақырса, сізді ұнатқаны, ал ол сізге ұнады ма? Мәселе сонда.

Сурет: ©Adilet

Оқи отырыңыз:

Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес

Махаббатым ертегідей болсын десеңіз...

Неліктен жалғызсыз?

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...