Екі жастың алғашқы кешінің жақсы өткенін және сіз жігіттің көзайымына айналғаныңызды қалай түсінуге болады?
Кездесуден кейін (әсіресе бірінші кездесуден кейін): "бәрі біз қалағандай өтті ме?"- деп ойлаймыз. Әрине, сіз бірге уақыт өткізген адам ғана 100% кепілдікпен жауап бере алады, бірақ өте маңызды нюанстарға назар аударған жөн.
Сіз бірге жоспарлағаныңыздан көбірек уақыт өткіздіңіз
Әрине, бірінші рет кездесер алдын ешкім ұзақ уақыт бойы серуендеуді немесе кешкі асты ұзақ ішуді ойламайсыз. Сізді шығарып салған кезде де бір шыны кофе немесе шайды сылтау ретінде пайдалану арқылы ұнатқан жігіт қасыңызда көбірек болғысы келетінін жеткізеді.
Егер бұлай болмаса, демек екеуара үйлесіміңіз төмен. Сүйіспеншілік сезіміне бой алдырған адам, ешкім сөйлемнің ортасында әңгімені үзгісі келмейтіні сияқты сізбен көбірек уақыт өткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады.
Екеуіңіз күні бойы тек бір-біріңізбен хат алмасасыз
Иә, қазіргі әлемде тіпті бірнеше сағатты байланыссыз елестету қиын, дегенмен, егер адам сізбен сөйлесуге барынша қызығушылық танытса, ол досына немесе әріптесіне жауап беру үшін телефонына алаңдауы екіталай. Егер ол сізбен байланыспай, әлеуметтік желіге уақытым болмады деесе, демек сізбен әңгімелесу соншалықты қызықты болмаған шығар.
Екеуіңізге ғана ортақ әзіл бар
Әдемі қалжыңдай білу кез келген қарым-қатынаста өте маңызды байланыс нүктесі екенін бәрі біледі. Кем дегенде, егер сіз бірінші кездесуде де бір-біріңізбен өте көңілді болсаңыздар, екеуара жайлылық әкелетін байланыс орнатқансыз. Езулеріңіз жиылмаса, демек ғашықсыздар.
Ол сіздің әңгімелеріңізді қызыға тыңдады
Бір-бірімізді жақынырақ тану үшін кейде жалпы, кейде жан-жақты жауап беріп, зейінді арттыруды қажет ететін сұрақтар қоямыз. Егер жас жігіт сіздің әңгімеңізді амалсызда емес, шын мәнінде сіз айтқан барлық нәрсеге бойлауға тырысса, онда сіз бірінші кездесуден кейін оның ұнатқанына сенімді бола аласыз.
Кездесуден кейінгі байланыс
Егер сіз шынымен бірге жақсы уақыт өткізсеңіз, онда сіз қоштасу кезінде ғана емес, одан кейін де әдемі сөздер естисіз. Иә, кез келген адам «рахмет» деп айта алады, бірақ егер жігіт біраз уақыттан кейін сізге хат жазса немесе қоңырау шалса және сізбен кешті өткізу қаншалықты жағымды болғанын тағы бір рет атап өтсе, оның бұл сөзді шын ниетімен айтатынына сенімді болыңыз.