Әдетте, алғашқы кездесуге барған кезде бет-әлпетімізді барынша әрлеп, киімізді бірнеше мәрте киіп көріп дайындалсақ та, не жайында сөйлесетіндігімізді ақырғы сәтте ғана ойлайтындығымыз рас. Алғашқы кездесуге қажет болып қалар кеңестерімізді оқып көріңіз. Кездесулерге төселіп қалған адамдар мен бұл салада мүлдем тәжірибесі жоқ адамдар арасында қарама-қарсылықтар туындай бастайды. Бірі өзін жайбарақат сезінсе, екіншісі қысылатыны анық. Мұнымен қатар оны қызықтырмайтын тақырыпта сөйлемесем екен, жағымсыз бір нәрсе айтып қалмасам екен деген қорқыныш барлығында бар. Ең біріншіден, бұрынғы қызың, сүйген жігітің, дін, саясат туралы айтып көрейік деген секілді тақырыптардан аулақ болған жөн. Оның орнына мына тақырыптарда сөз қозғауға тырысыңыз:
Сені не нәрсе күлдіруі мүмкін немесе көңіліңді көтеруі мүмкін?
Нәзік қалжың мен күлкі қарым-қатынасты орнатуға нағыз көмекші болады. Оның айтқанына қарап лайық тақырыпты да оңай тауып алуға болады. Ол жердегі атмосфера бірден жылына түсетіні анық.
Демалыс күндеріңді қалай өткізгенді ұнатасың?
Бұл сұраққа жауап алу арқылы екі емес бірден бірнеше қоянды бір оқпен атуға болады. Хоббиін, өзге қызығушылықтарын, экстраверт пе әлде интроверт пе оны да анықтайсыз. Интроверттер өте сабырлы келеді, экстраверттер секілді ұшқалақтамай, барлық нәрсеге мән беріп, өмірдің жағымсыз сәттерінде байсалдылық танытады. Әдетте, олар оқымысты ботаниктер немесе компьютер деген секілділерді өте жақсы меңгергендер. Бір кемшілігі мұндай адамдар сезімі мен ішкі эмоциясын білдіруден қысылады. Ал экстраверттермен аса қиналудың қажеті жоқ. Бар әңгімені өздері бастап жібереді. Олармен қызықты естіген жайттар, әлемде болып жатқан жаңалықтар сияқты кез келген тақырыпта сөйлесе беруге болады.
Бүкіл әлемді аралау мүмкіндігі туса, ең бірінші баратын 5 жеріңді атап көрші?
Тым қиялға берілмейік десеңіз, жазғы демалыс күндерді немесе мерзімді демалысты қай жерде өткізгің келеді деп тақырыпты сәл өзгертуге болады.
Сенің өміріңе жақсы әрі үлкен өзгерістер енгізген адам бар ма?
Өмірімізде қандай өзгерістер болып жатқанына сараптама жасамайтындықтан, бірден бұл тақырыпта сөйлеп кету қиынырақ. Бірақ, терең ойландыратыны анық. Олар ұстаздары, спорттағы ұстаздары, ата-анасы да болуы мүмкін. Не дегенмен жақсы тақырып.
Бүгін қай тақырыпта сөйлеспегенді жөн көресің?
Бір қарағанда бұлай сұрақ қою ақымақтық секілді көрінер. Бірақ, керісінше саған осы жерде ғана емес, алда да оның не нәрсені ұнатпайтынын біліп, жағымсыз тақырыптарды қозғамауыңа себі бар.
Соңында айтарым бұл сұрақтарды қоюды әңгімені жақсы өрбіту үшін ғана пайдаланбаңыз, шынайы ықыласыңызбен кездесушіңізді тыңдай да, ой қоса да біліңіз!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: theyou.ru