- Негізгі бет
- Психология
- Алғашқы кездесуде жігітке...
Алғашқы кездесуде жігітке алданып қалмаңыз #2
Ол ақшаға бола уайымдайды
Даяшыға ескерту айтып, қалған ақшасын күтіп тұр.
Мұның сыры: Бұл жігіт ұлан-асыр той жасауға қарсы болатыны анық. Ал бұған қонақжайлылықты жақсы көретін ата-анаңыз қалай қарайды екен? Ең нашар деген жігіттің өзі алғашқы кездесуде өзін жақсы жағынан көрсеткісі келеді емес пе? Ал сараңдығынан ұялмаған жігіттен аулақ болғаныңыз абзал. Мұндай жандар сізді қоғамдық көлікпен қыдыртуы мүмкін.
Ол тек өзі туралы айтады
«Бұл жолы менің қызметтегі дәрежем көтерілді. Оған жету үшін көп еңбектендім...». Ол өз өмірін бүге-шүгесіне дейін баяндайды. Ал дәл осы сәтте сіздің ұйқыңыз келеді.
Мұның сыры: Мүмкін ол абыржып, кездесуге келіп отырғанын ұмытып кеткен шығар. Ең бастысы бұл жігіт өзін жарық жұлдыздай сезінеді.
Ол өзі үшін төлеуді өтінді
Көп уақыттан бері көңіл көтеретін жерлерге бармағанын баяндайды. Сонымен қатар, даяшы есепшот әкелген кезде әмияны үйде қалып қойған болып шығады.
Мұның сыры: Құттықтаймыз! Сіздің алдыңызда Ләйлісін жолықтырып үлгермеген сері отыр.
Оған анасы үнемі хабарласа береді
«Аааа, ия, ия. Келдім. Қазір сол жерде отырмыз». Ұялғаннан аузын қолымен қалқалап сөйлеседі.
Мұның сыры: Оны бұл кездесуге келуге анасы көндірген.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: вк желісінен
Қ. Бүйенбай