Алғашқы кездесу. ХХ ғасыр көзімен

Өзіңіз ұнатып жүрген жігіт сізді кездесуге шақырды. Көптен күткен сәт. Өзіңізді қалай ұстайсыз? Дәл осы сұрақтарға бір ғасырға жуық уақыт бұрын (1938 жылы) британдық әлемге танымал The Daily Mail журналы жауап беріп көрген екен. Ғасыр деген тым көп уақыт. Бірақ талаптар әлі де сол күйінде қалғандай. Өзіңіз көз жүгіртіп көріңіз де, пікіріңізді білдіріңіз.

1. Жігіттің көз алдында емес, жеке будуарыңызда (әйелдің жеке безендірілген бөлмесі) киінетін болыңыз. Келіскен уақыттарыңызда шығып кетуге дайын болыңыз. Қызбын ғой деп әдейі кешігуді ойыңызға алмаңыз.

2. Жігіттер қауымын қыздардың далап сүртілген, бояу дақтары қалған беторамалы тым тарта бермейді. Косметикаңызды ретке келтіргіңіз келсе, оның көзінен таса кеткен жөн.

3. Қылықты болу осы екен деп жігіт эмоциясымен ойнауға кеңес бермес едік. Жігіттерге қоғамдық орындардағы орынсыз көз жастар ұнамайды.

4. Оның көзінше өзге жігіттердің назарын өзіңізге аудартуға тырыспаңыз. Байқаусызда болса да, өзіңізді тыйып қалыңыз. Өйтпегенде алғашқы кездесу - соңғы кездесу болуы әбден мүмкін.

5. Би кезінде жігітпен сөйлесуді доғарыңыз. Ол сізді шақырған болса, сөйлесуді емес, жай ғана билеуді қалап тұр деген сөз.

6. Диванға дөрекі қалыпта, яғни жайылып отырып алушы болмаңыз, қатты зерігіп бара жатқанның өзінде, оған сөнген көзқараспен қарамаңыз. Кез келген уақытта тұрып кете алатындай ыңғайлы отырыңыз, үнсіз ғана жігітті тыңдаңыз.

7. Даяшыға тапсырыс беру үстінде қылымсушы болмаңыз. Бұл кеште сіздің назарыңыздың, көңіліңіздің қожайыны – жігіт болу керек.

8. Көліктің артқы көрінісіне арналған айна сіздің макияжыңыз үшін емес. Оның өз мақсаты, өз иесі бар.

9. Адамдар арасында өзіңізді тұрпайы көрсетпеңіз. Өз қарым-қатынастарыңыздан шоу жасаудың еш қажеттілігі жоқ. Жігітті елдің көзінше ешқашан масқараламаңыз. Оның намысы сізден де қымбат.

10. Жігітпен киім туралы әңгіме қозғамаңыз және оған жаңа көйлекті сипаттап беруге тырыспаңыз. Ол қалаған тақырыпқа қарай икемделген жөн.

11. Ішімдікке жоқ деңіз. Көп қыздар арақты ауызға алысымен, ақылсына бастайды. Дұрысы - үндемеу...

12. Көп ішпеңіз. Олай болған жағдайда, жігіт сізді барлық кездесулерде бөтелке құшақтап отырады екен деген ойға қалады.

Осыдан 75 жыл бұрын апаларымыз нәзік жандылар қауымына жоғарыдағыдай өсиет қалдырған екен. Қалай ойлайсыз? ХХІ ғасырдың кездесуінде осы талаптар орындалып жүр ме?

Суреттер:byaki.net,www.astanaday.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева