- Негізгі бет
- Психология
- Алғашқы әсер: Келбет...
Алғашқы әсер: Келбет пен болмыстың арасында байланыс бар ма?
Адам миындағы жүйке жасушаларының 30%-ы көру арқылы қабылданған ақпаратты өңдеуге қатысады. Мидың бет-бейнені танитын арнайы нейрондары бар және ақпаратты секундта өңдейді.
Сол себепті адам көбіне өзгенің сырт келбетіне мән береді. Бұл ерекшелік кейде дос, серіктес немесе қызметкер таңдау барысында көмектеседі. Таңдау әрқашан дұрыс бола бермейтіні анық. Бұл ерекшелікке сүйену қабілетін ореол эффектісі деп атайды.
Ореол эффектісі деген не?
Ореол эффектісі немесе гало‑эффект дегеніміз — адам туралы алған әсер оның жеке қасиеттерін қалыптастыруға себеп болады. Нақтырақ айтсақ, адам ұнаған кезде оны тек келбетті деп ойлап қана қоймай, ақылды, мейірімді, беделді деп барлық жағынан тек жақсы қасиеттерді байқайды.
Ореол эффектісі 1915 жылы екі жекеменшік корпорацияда өткен тәжірибе барысында белгілі болды. Екі компанияға да қатар жұмысқа қабылданған қызметкерге қойылған бағалар ұқсайтыны белгілі болды: олар тым ақылды, сауатты, жауапкершілігі мол әрі сенім артуға тұрарлық. Зерттеушілер қойылған ұпайлар тым жоғары екенін, бағалап отырған адамдар бұл бағаны тек үміткермен кездескен кезде алған алғашқы әсер мен сыртқы келбетке сүйене отырып қойғаны анықтады.
Бұл тәжірибе жұмысын әскери қызметкерлер арасында да жүргізген. Офицерлерге өз қол астындағыларды сипаттауды өтінген кезде, олар кейбірін "мінсіз" етіп көрсеткен: физикалық тұрғыдан күшті, ақылды, мінезі де батыл әрі көшбасшы. Сыртқы келбет пен басқа белгілер арасында байланыс күшті болғаны белгілі болған.
Адамдар өздерінің "сүйіктілерінің бойынан" әдейі тек жақсы қасиеттер көрмейді. Олар шынымен оның "жақсы адам" екеніне кіршіксіз сенеді және ойының бұрмалауға түскенін байқамайды.
Бір тәжірибе кезінде америкалық студенттерге ғалымдар бірдей еуропалық акцентпен сөйлейтін екі адамның сұхбатын көрсетеді. Бірінде сұхбат беруші мейірімді, жылы шырайлы болса, екіншісі тұйық әрі суық көрінеді.
"Жылы шырайлы" сұхбатты тамашалаған студенттер сұхбат берушінің акцентін ұнатқанын айтқан. Ал, "жүзі суық" сұхбат берушінің акценті құлаққа жағымсыз естілді деген шешімге келген.
Бұл тәжірибелерде физикалық сұлулық емес, адамнан алған әсер көрсетілген. Дегенмен әлі күнге дейін сыртқы келбет алғашқы әсерге айтарлықтай әсер ететіні сөз етіліп жүр.
Сұлулық адамның алғашқы әсеріне қалай ықпал етеді?
Келбетті адамдарды өзгелер сырттай "жақсы адам" қатарына жатқызып қояды. Қай қоғамда болмасын, келбеті келіскен адамдарды әлдеқайда көбірек жақсы көреді. Бір қызығы көптеген елде сұлулық стандарты ұқсайды.
Сұлу адамдарды автоматты түрде денсаулығы мықты, жетістікке жеткен әрі қолынан көп нәрсе келетін адамдар қатарына жатқызады. Сыртқы келбет саясатта, көшбасшылық қабілетін бағалауда, заң ісінде тіпті ата-ана мен бала қарым-қатынасын бағалауда маңызды рөл атқарады.
Жоғары оқу орындарында оқытушылар студенттердің сырт келбетіне сәйкес олардың болашағына болжам жасап, арасынан өзінің "сүйіктісін" таңдайды.
Бұндай бейсаналық бұрмалау құрдастарды салыстырғанда қатты рөл ойнайды. Адамдар арасындағы жас айырмашылығын неғұрлым жақын болған сайын, сыртқы келбет маңызды бола түседі екен.
Келбеті мен сымбаты келісті болып дүниеге келген адамдар сұлулық стандартына сәйкес келмейтін адамдарға қарағанда жылдам сенімге кіреді.
Т. Есқали