Әлеуметтік желілер махаббат сезімін тұншықтырады

Ғашықтардың әлеуметтік желілерде отырып жазатын ғашықтық хаттары махаббатты тұншықтырады екен. Мұндай тұжырымдарды бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізген АҚШ ғалымдары айтады.

Мамандар 18 бен 25 жас аралығындағы 276 ғашықтың жұбын бақылаған. Нәтижесінде әлеуметтік желілерде сөйлесіп, бір-біріне жылы сөздер айтудан жалықпайтын жандар бір-бірін мезі ете бастаған. Мұнымен қатар, осы жұптардың 43%-ы айырылысып кеткен.

Үнемі SMS хаттар жіберетін жігіттер өздеріне деген сезімдердің шынайы екендігін анықтауға тырысады екен. Дәл солай қыздар қауымы да сүйіктілерінен айырылып қаламын ба деген қорқыныштан SMS хаттар арқылы сезімдерін білдіріп отырған.


Бұл тексеруге дейін ғалымдар Facebook желісіндегі ғашықтардың тағдырын анықтаған. Ол үшін 20 жастан асып, парақшасында сүйіктім бар деп көрсетілген 1,3 миллион қолданушыны зерттеген. Мұнымен қатар, желідегі достарының саны 50-ден асу керек болған. Достарының көп болуында да бір сыр бар. Ғашықтардың ортақ достарының саны көп болған сайын қарым-қатынастары да берігірек болады екен. Осы зерттеу барысында ғалымдар 60% жағдайда достарының ішінен нақты сүйіктісі кім екендігін анықтаған.  

«Өмірлік жар немесе романтикалық сезімдерге құштар уақытша серік – бұл әртүрлі әлеуметтік желілердің байланысын ұстап тұрған көпір», - дейді АҚШ-тағы Корнелльский университетінің оқытушысы Джон Клейнберг. Ғалымдардың айтуынша, ғашықтар сезімдерінің берік болғандығын қаласа, ортақ достарының да, жүретін орталарының да бір болуын қамтасыз етуі керек. Оны қамтамасыз еткен жағдайда сезімдерінде беріктік орнап, ұмтылатын мақсаттары бір арнаға тоғысып, отбасылық өмірде бақытты болады екен.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Ерлан Қыдыров, vk.com