Әлеуметтік желіде отырасыз ба?

Әлеуметтік желілерде жиі отыру салдарында қандай нәтижеге жеттік? Назарларыңызға шындыққа жанасатын деректерді ұсынамыз.

Басы

4. Әлеуметтік желілер сізді бақытсыз етеді

Көптеген адамдар әлеуметтік желіні өмірінің жақсы жақтары жайлы айту үшін пайдаланады. Мысалы, сапар, саяхаттан сурет, жаңа бір сатып алынған нәрсенің суреті, қымбат бір жерде тамақтанып отырғаныңнан белгі беретін сурет. Ал егер мұндайдан алыс болсаңыз, әлеуметтік желі қас жауға айналады. Біреудің осы әдіс арқылы «мақтануын» көріп, ызаланасыз. Қызғаныш, ашу, мұң және бұл жайлы ешкімге де айта алмайсыз. Себебі мұны бірден көреалмаушылыққа жатқызатыны анық. Мұның аяғы күйзеліске апарады. Зерттеушілердің пайымдауынша, әлеуметтік желілер сізді мінезіңізге тән болмаса да қызғаншақ, ашушаң етеді.

5. Бақытты да бола аласыз

Сіз мақтана аласыз. Жаңа шаш үлгісі, жаңа көлік, жаңа құрбы/жігіт. Өзіндік жетістіктеріңіз бен табысыңызбен бөлісе аласыз және міндетті түрде қолдау табасыз. Біреудің күлкілі видеосын көріп, шын жүректен күліп аласыз. Әрбір басылған «лүпіл» өзіңізге деген сенімділікті арттырып, позитивті көңіл-күй сыйлайды. Бірақ абай болыңыз! Әлеуметтік желіге жаман көңіл-күйде кірмеңіз, ол айна секілді: жақсы көңілді жақсартып, жаман көңілді ушықтыратын қасиеті бар.

6. Достарыңыздан айырыласыз

Қызғаныш, ашу-ыза – әлеуметтік желіні парақтау барысында туатын сезімдер екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Сіз жүздеген «лайк» күтесіз, бірақ оларды жинамаған жағдайда, ашуланасыз. Досыңызға маңызды бір нәрсе жазып, белгілі бір себептермен уақытында жауап алмасаңыз, ренжисіз.

Әлеуметтік желі арқылы толыққанды қарым-қатынас бола алмайтынын түсіне біліңіз. Сізді бір нәрсе қынжылта ма? Досыңызбен кездесуді белгілеп, проблемаңызды айтып, тыңдарға құлақ табасыз. Досыңыз қолдау көрсетіп, не істеу керектігі жайлы кеңесін берсе, жеңілдеп қаларыңыз рас емес пе?

7. Әлеуметтік желілер өзіңізді толық, көріксіз сезінуге себепші

Фейсбук қолданушыларының 75 пайызы өзінің сырт келбетіне көңілі толмайды. Олардың 51 пайызы себебін өзгелердің суреттерін өзімен салыстыру деп түсіндіреді.

Расында да бір арудың тамаша келбетіне қызығып, қамығатын қыздар, өкінішке орай, аз емес. Немесе бір жігіттің спорттық тұлғасына қызығып, қызғанатын жігіттер де баршылық.

Сіз әлеуметтік желінің әлеуеті жайлы не айта аласыз?

Сурет: Massaget.kz

Ұқсас жазба:

Адам санасымен ойын немесе психология қулықтары