- Негізгі бет
- Психология
- Әлеуметік желі бақытты...
Әлеуметік желі бақытты өмір сүруге кедергі жасайды
Италиялық ғалымдар әлеуметтік желілердің адам психологиясына кері әсер ететінін тағы бір мәрте айтып, дабыл қағуда.
Ла Сапиенц Рим универсиеттінің қорытындысы бойынша, әлеуметтік желіде жиі отыратындар нәсілшілдік, жыныстық және түрлі дискриминацияға жолығады. Оның барлығы адамның сенімін жоғалтып, бақытты болуына кедергі жасайтын көрінеді. Жүргізілген бұл сауалнамаға 50 мыңнан аса адам қатысқан.
Ғалымдар Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары көбіне басқыншылыққа соқтығады деп есептейді. Өмірде жұмған аузын ашпайтын қой мінезді адамдар желіге келген кезде өзінің көкейінде жүрген ойын еш қиындықсыз жайып салатындары байқалған. Сол себепті әлеуметтік желілер сан алуан негативті ой мен былапыт сөздерге тұнып тұр. Ал оның барлығы жай адамның уайым-қайғысыз, еркін, тыныш өмір сүруіне кедергі жасайды.
Оқи отырыңыз:
Әлеуметтік желілер жайлы 20 факт
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН ҚАУІПТІ
Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бағы ма, соры ма?
Әлеуметтік желілер махаббат сезімін тұншықтырады
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: vredno.org
Н. Нұрмаханұлы