Ертеңгі күнді айтпай-ақ, бір сағаттан соң қандай жағдай орын алары беймәлім. Кез келген жайға дайын жүру үшін мына он істі қолға алыңыз.
1. Темекіден бас тартыңыз
Темекінің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан бүгіннен бастап бас тартыңыз.
2. Жылына 10 кітап оқыңыз
Ми тез әрі ұтқыр шешім қабылдау үшін кітап оқу керек. Сол себепті уақытты компьютердің алдында емес, кітаптың алдында өткізіңіз.
3. Туыстарыңызбен тату-тәтті болыңыз.
Бұл өмірде осылардан асқан байлық жоқ. Сондықтан қай кезде де жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
4. Күнделік жазыз.
Өмірдегі ең ерекше сәттер әрқашан есте болу үшін күнделікке жазып жүріңіз. Суреттерді де сақтаңыз.
5. Спортпен шұғылданыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстанып, артық салмақтан арылыңыз. Күніне бір мезгіл болса да жаттығу жасап, денеңіздің пішінін қадағалаңыз.
6. Ұйқыңызды қандырыңыз.
Бір уақытта жатып, бір уақытта тұрыңыз. Ұйқысыздықтың алдын алыңыз.
7. Өзіңізді өзгемен салыстырмаңыз.
Біреудің айтқанына ермей, өз дегеніңізбен жүріңіз. Сонда сіз өзгелерден оқ бойы озық тұрасыз.
8. Мейірімді болыңыз.
Өзгелерге не жасасаңыз да, шын жүректен жасауға тырысыңыз. Сонда ғана зор қуанышқа кенелесіз.
9. Тісіңізді тексертіп тұрыңыз.
Жасыңызға жас қосылған сайын тісіңізге байланысты түрлі мәселе туындайды. Ал оны емдеу ұзақ уақыт пен мол қаражатты талап етеді. Сондықтан осы кезден бастап тісіңізге мұқият қараңыз.
10. Ақша үнемдеңіз.
Бұл айтуға ғана оңай іс көрінуі мүмкін. Бірақ әр адамның қорында мол қаражат болмаса да, бір басына жететіндей қаржы болуы керек. Себебі алда не күтіп тұрғанын білмейсіз.