Бұл тест өте қарапайым. Алақаныңызға қарап, қай суретке көбірек ұқсайтынын анықтаңыз. Жер. Алақаны осындай қалыптағы адам өмірде өте сақ жүреді. Олар тұрақтылыққа ұмтылады, жауапкершілігі өте жоғары. Өзіне үміт артқан жанның сенімін ақтау өте маңызды. Мұндай адамдардың жұмыстағы басты қасиеті еңбексүйгіштік, жұмысқа бар жанымен берілу. Бұл адамдардың шынында да қолы алтын. От. Алақаны осы күйдегі адамдар от типті. Олар табиғатынан күйгелек. Қырсық әрі көп жағдайда өзінің не қалайтынын анықтай алмайды. Белсенді өмір салтын ұстанады. Құштарлық оларды үнемі алға жылжытып отырады. Егер олар өз идеясына сенімді болса, топты соңынан ерте алады, көшбасшылық қасиеті басым. Олар ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмауы тиіс, себебі үнемі жолы болып жүреді. Су. Сулы күйдегі алақан иесі аса сезімтал. Қарым-қатынасқа жан-тәнімен беріледі, жақын адамы үшін барлығынан бас тартуға бар. Олардың қиял әлемі де кеңінен дамыған, нағыз өнердің адамдары. Көркемөнер саласында не музыкалық ортада өзін өте жақсы сезінеді. Ауа. Бұл стихиядағы адамдар эгоистікпен ерекшеленеді. Бұл кейбірінде бір көргенде көзге ұрып тұрса, енді бірінде кейіннен білінеді. Олар кез келген адаммен тіл табысып кетеді. Интеллектуалды қабілеті де дамыған. Мамандық таңдарда өз темпераментіне тәуелділіктен арылуы тиіс. Олар көбіне жазушылық ісін не оқытушылықты жақсы орындайды.