Ақыл-ойыңыздың қандай топқа жататынын білгіңіз келе ме? Артықшылығыңызды айқындайтын кез келді...
* * * *
Қызық-ақ, төмендегі көрсетілгендердің қайсысына жатады екенсіз?!
1. Табиғи интеллекті
Бір уақыттарда, эволюциялық дәуірлерде алғашқы ұлы аңшылар мен жинаушылардың бойынан табылған өсімдіктер мен жануарлар әлемін сезіну қабілет-мүмкіндігі. Сол уақыттарда көктен түскен құдірет күші есепті саналған.
Айтар болсақ, күні бүгінге дейін аталған интеллект түрінсіз кейбір салалардың келешегі күмәнді көрініске айналардай. Бәрінен бұрын, жақсы ботаник пен жақсы агроном болу үшін аталған қасиет түрінің ең алдымен бойдан табылғаны дұрыс.
Жаңа заманның адамы, олардың ішінде көпшілігі интеллекттің бұл түрін тұрмыс өтеу жолында қажетсіз деп табуда. Мұның айқын көрсеткіші ретінде, адамзаттың күн санап табиғаттан алыстап бара жатқанына айтуға болады.
2. Музыкалық интеллекті
Музыкалық интеллекті – ырғақ, тембр, саз бен ән нақышын ажырата алу мүмкіндігі. Аталған интеллект түрі біздердің музыка жасауымызға, оны сезінуімізге және тыңдауымызға мүмкіндік береді. Онсыз бірде-бір сазгер, дирижер, музыкант сияқты өнер өкілдерінің болуы мүмкін емес-ті.
Осы тұста бір қызық жайт, музыкалық интеллект + математикаға бейімі бар адамдар ішінен дауылпазшы секілді біртуар жандардың өсіп шығатындығы. Сөздің шыны керек, музыканы жақсы үйлестіре алатын және оны есептей алатын тамаша қасиет дауылпазшы жандарда жетерлік.
3. Логика-математикалық интеллекті
Логика-математикалық интеллект математикалық және логикалық қиын есептерді санауға, оларды шешуге көмектеседі. Логикалық интеллект, өздеріңіз білетіндей, ғалым, із кесуші және математиктердің бойынан табылады.
Интеллектің осы бір түріне ие жас адамдар әңгімеге сараң, әдетте тұйық болып келеді. Оларға сан мен сынақ, логикалық есептер қызықты.
4. Экзистенциальды интеллекті
Адамзаттың жаратылысы туралы түбі ауыр сұрақтарға бас қатыратын субъектіге потенциальды түрде жәрдемдесетін интеллект түрі. Мысалы, ондай адамдар өмір мағынасын, мәңгілік өмір сүру, адамдардың Жер бетінде қалай пайда болғаны турасында жаңа теория ойлап табуы мүмкін.
5. Тұлғалық интеллекті
Тұлғалық интеллекті – өтімді аралас-құраластық пен өзгелермен жақсы түсінісу қабілеті. Оған адамдар арасындағы айырмашылықты тез көзге шалатын өтімді вербальды және бейвербальды (невербальные) қатынас жолы кіреді. Сонымен қоса, тұлғалық интеллектегі адамдар өзгелердің көңіл-күйін, ішкі тынысын жақсы сезіне алмақ.
Ұстаздар, әлеуметтік ортадағы жұмысшылар, әртістер мен саясаткерлер ұйғарым бойынша осы бір интеллект түріне иелік етеді дейміз, бірақ... Тұлғалалық интеллектісі қарыштаулы жас адамдардың өз ортасында көшбасшы саналып жатуының сыры, олардың мықтылықтарынан емес, басқалармен қызықты әңгіме-дүкен құра алатындығында және басқалардың сезім-құлқын жақсы түсінем деп ойлауында.
6. Тәндік-кинестетикалық интеллекті
Тәндік-кинестетикалық интеллекті - физикалық объектілерге амал-айла жасау және әртүрлі физиологиялық ілімдерді пайдаға асыру қабілеті. Мұндай адамдар уақыт пен кеңістікте тез икемделеді. Спортшылар мен бишілер, хирургтар жақсы дамыған тәндік-кинестетикалық интеллектке ие болуы қажет.
7. Лингвистикалық интеллекті
Лингвистикалық интеллекті - ойлану және өз ойын нақты жеткізу қабілеті; ол қатарда қиын сөздердің өзін түсінікті қылып келтіру. Лингвистикалық интеллект ақын-жазушыларға және қоғам қайраткерлеріне ауадай қажет.
Интеллектінің осы түріне ие жас адамдар кітап оқығанды, әңгіме айтқанды және сөзжұмбақ шешкенді ұнатады.
8. Жеке бас интеллекті
Жеке бас интеллекті – өз сезімі мен ішкі ойын түсініп, содан жинақталған білікті өмір жоспарлау жолында пайдалану қабілеті. Интеллектің осы түрі адамдарға өз мүмкіндіктерін жақсы саралауға және тұрмысын оңтайлы жолға қоюға көмектеседі.
Мұндай адамдардан жақсы психолог шығатыны белгілі. Соған қарамастан, мұндай адамдар ұялшақ келеді.
9. Кеңістік интеллекті
Кеңістік интеллекті - үш өлшем бойынша ойлана алу қабілеті. Ондай адамдар жер танығыш келеді әрі келесі бір көше қиылысында өздерін не күтіп тұрғандығын ойша келтіре алады. Олар еш қиындықсыз өткен күннің суреттерін көз алдарына әкеліп және сұрау бойынша дәл, нақты жердің көрінісін немесе қазіргі уақытта не көріп тұрғандықтарын айтып бере алады.
Теңізшілер, ұшқыштар, сәулетшілер, мүсіншілер – дамыған кеңістік интеллектінің иелері. Интеллектің осы түріндегі адамдар шытырман оқиғаларды ұнатады.
Cурет: forbes.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек