Кейде қасықтап жинаған абыройды шелектеп төгетін сәттер болады. Қате түсінген жағдайда немесе мәселенің мән-жайын білмеген кезде адамдар ақылсыз жауап қайырып жатады. Адам ақылды болса да сөзі онысына қарсы шығып тұруы мүмкін.
Міне, сондай бір ыңғайсыз сәттерге түсіп қалмау үшін бірнеше кеңесімізді ұсынып көрмекпіз.
Айтар сөзіңізді абайлап қолданыңыз. «Америкалық мәдени мұра сөздігі» кітабын құрастырушылар «ақылды» сөздердің тізімін жасапты. Онда «кәззап», «үйірлі», «панацея», «бойкүйез» деген сөздер таңдалып алыныпты (finagle, gregarious, panacea and perfunctory). Мәселе дұрыс таңдалған сөздерде емес, сонымен қатар оны қалай дыбыстау керек екеніндігінде де жатуы мүмкін. Мәселен, шешендік сөзге үйрететін маман Майкл Ронейн «Таза, бірқалыпты дауыс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін көрсетеді», - дейді. Егер бірқалыпты әрі сенімді сөйлей алмасаңыз жылдам сөйлеуге тырысыңыз. «Егер адам жылдам сөйлейтін болса ол қоғам алдында өзін ақылды етіп көрсетеді», - дейді Том Барбер есімді психотерапевт. Тыңдарманға сөйлеу барысында бірінші жақсы әсер сыйлаңыз. Адам құныдылығын зерттеуші маман Дэн О’Нил былай дейді: «Сырт көз сіздің ақылыңызды киіміңізбен өлшейді». Киім-кешегіңізді ұқыпты киіңіз. «Тартымды адамның киімі де жаңа әрі жағымды болып көрінеді», - дейді доктор Лиам Баркер. Психологияда адамның ақылы мен мінезін киімі бойынша анықтауды гало-эффект немесе ореол эффектісі деп атайды екен. Тісіңізге назар аударыңыз. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, тісін күтіп ұстайтын адамдар өмірде ақылды әрі табысты болады-мыс. The London Smile Clinic деп аталатын тіс емдеу емханасының маманы Джеймс Рассел жұмысқа орналасуға дайындық жасап жүрген адамдардың бірінші кезекте тіс емдетуге келетіндігін айтады. Тыңдап үйреніңіз. «Эмоционалды алғырлық та IQ сияқты маңызды бөлшек болып табылады», - дейді Джуд Дженнисон. Сөйлеуші сөйлеп жатқанда тыңдап тұрыңыз да, не, қайда, қашан екенін сұраңыз. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартыңыз. Тіл табысу, танысу мәселесімен айналысатын маман Девид Уигант «Ақыл дейтініміз мәселені еске сақтай алуға байланысты нәрсе», - дейді. Сәнді ғана емес, ақылды да бағалай біліңіз. Сізге қандай адамдар ұнайды немесе қандай қыздар ұнайды деген сұрақ қойса әдемілерді ғана емес, ақылдыларды да атаңыз. Әлденені білмесеңіз көмек сұрай біліңіз. Істі қалай жасау керек екенін сұрап алыңыз.Жалғасы бар...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: өңделген