- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды болғыңыз келсе:...
Ақылды болғыңыз келсе: күнделікті қарым-қатынасқа қажетті кеңестер
Ақылды адам белгісіздік жағдайында өмір сүре алады. Тіпті қиын мәселелердің шешімі болатынын да біледі. Шындықты өтіріктен ажыратып, дұрыс шешім қабылдай алады.
Осы тақырыпты зерттеген психологтар белгілі бір қағидаттарға сүйеніп, ақылды арттыруға, осы арқылы жетістікке жетуге болатынын айтады.
Канадалық Игорь Гроссман ақылды адамдардың өмірге риза келетінін, қоршаған ортаға деген негативі аз болатынын айтады.
Ол тіпті әріптестерімен бірлесе отырып, ақылдылықтың өмірді ұзартатынын да анықтаған. Адам қаншалықты ақылды болса өмірге соншалықты риза келеді.
Бірақ интелліктінің, IQ көрсеткішінің күнделікті өмірде дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмектеспейтінін айтады. Гроссманның ойынша ақылдылық – адамның бірде бар, бірде жоқ қасиеті емес, күнделікті өмірдегі мінез-құлқы.
Гроссман кейбір жағдайда ақылдылық танытса, кейбір кездері өрескел қателік жіберуі мүмкін дейді.
Оның үстіне адамның жасы ұлғайған сайын ақыл тоқтататыны бар.
Корнелль университетінің психологы Роберт Стернберг ақылдылықтың құпиясы – теңдікті сақтай алуда дейді.
Сонымен:
Кейде өзіңізге үшінші жақтан қарап көру керек. Себебі біз үнемі өзгелердің өміріне ақылды көзбен қараймыз да, өз өмірімізге келгенде ой көкжиегі тарылып қалады.
Басқа адамдардың басқа мақсаттары барекенін ескеру қажет. Ойы сіздікімен бірдей болмауы мүмкін. Осыны әрдайым есте ұстасаңыз ақылдырақ болатыныңыз анық.
Бұл тіпті қиын болса да байқап көру керек. Бірден ақылды болып кетпесеңіз де, талпыныстың өзі сізге көп нәрсені үйретеді.
Сабырдан кейінгі екінші маңызды дүние – үндемеу. Көп жерде тіліңізді тыйып үйреніңіз. Тіпті жылдам жауап беру керек болғанның өзінде бірден сарт етіп тіл қатпай, 1-2 минут аялдап, ойланып барып жауап беріңіз. Өзіңізге қатысы жоқ іс пен сөзге ешқашан араласпаңыз.
дереккөз:reactor.inform.kz
Т. Есқали