- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды әйелдердің айтқан...
Ақылды әйелдердің айтқан сөздері
Абай атамыз адам баласы бір-бірінен ақылы, мінезімен артылады дейді. Сол секілді аты затына сай бойжеткендеріміз де аз емес. Ал олар не дейді екен? Оны бірге оқиық!
1. Әтірдің барлығы жақсы. Алайда тек өзіңізге сайын алып, үнемі қолданып жүріңіз.
2. Өзіңізге жанашырлық танытуға мәжбүрлейтін әрекеттерден аулақ болыңыз.
3. Ұшу кезінде қызанақ шырынын ішіңіз. Оны аспанда болған кезімізде көп калий мен натрий жоғалтатындығымыз үшін ұсынады.
4. Үйленгенше қызыққа толы жастық шақ өткізіп үлгеріңіз. Отбасы бар адамға қыдырмаш болған жараспайды.
5. Біздің мықты болуымыз қателіктеріміздің арқасы. Бірақ бір қателікке екінші рет ұрынбаған жөн.
6. Махаббаттан кейін достық болмайды.
7. Бір нәрсені уайымдап, күйзеліске тап болсаңыз, спортпен шұғылданыңыз. Спорт жеңілдеп алуға көмектеседі.
8. Жігіттер тұспалдап айтылған сөзді түсінбейді. Сондықтан ойыңыздағыны тура айтыңыз.
9. Нағыз махаббат мәңгілік жасайды.
10. Барлығы да өткінші. Ертең бәрі де басқаша болады.
11. Кейде қыздарға тәкаппар болған жарасады.
12. Бір адамнан толығымен көңіліңіз қалмасын.
13. Өзіңізді ұмытқан кезде – өмір сүруді де естен шығарасыз.
14. Еш уақытта болашағыңызбен мақтанбаңыз. Барлығы түбегейлі өзгеруі мүмкін.
15. Алдыңғы жылмен салыстырғанда көбірек кітап оқыңыз.
16. Жарыңыздан жаңа көйлекке ақша сұрағыңыз келсе, қарнын жақсылап тойдырып алыңыз.
17. Білмегеніңізді сұрап білуден ұялмаңыз.
18. Ойлаған жоспарларыңызды жүзеге асыру өте оңай.
19. Өзгелерге қызығамын деп уақытыңызды босқа құртпаңыз.
20. Көпшіл болсаңыз, көпті білесіз.
21. Қатарыңыздан қалмаңыз.
22. Жігіттердің өз тілінде тілдесіңіз. Олардың қалжыңын да түсініп үйреніңіз.
23. Көшірме болғанша, жеке стиліңізді қалыптастырыңыз.
24. Қолыңызда бардың қадірін біліңіз.
25. Кемшіліктеріңізді емес, артықшылықтарыңызды ойлаңыз.
26. Естігеніңіздің барлығына сене бермеңіз.
27. Өсек сөз таратпаңыз.
28. Айналаңызда тек оптимист жандар болсын.
29. Әкеңізді ренжітетін іс-әрекеттерге бармаңыз.
30. Өзіңізге қызығушылық танытпаған адамға ғашық болмаңыз.
31. Қасыңыздың жинақылығы көркіңізге сән береді.
32. Дұрыс тамақтану – сұлулықтың кепілі.
33. Тамақ жасап үйреніңіз.
34. Өзгенің емес, өзіңіздің бақытыңыз үшін күресіңіз.
35. Ең басты қаруымыз нәзіктік пен сұлулық екенін есте сақтаңыз!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk.com желісінен (қазақ қыздары)
Қ. Бүйенбай