Өмір атты ұзақ жолда алдымыздан талай кедергі шығады. Әсіресе екі жас бірігіп, отау құрған кезде. Мұндай қадамды өмірлерінде алғаш рет жасап отырғандықтан, көптеген сұрақтың жауабын іздеулеріне тура келеді. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінде жастар майда-шүйдеге көз жұма қарайды. Алайда ыза, кек, реніш іште жиналып, бір күні сыртқа шығады. Осы сәтте шалыс баспас үшін ұстамдылық танытып, барлығын алдын алған жөн.
1. Ақылды әйел отбасының берекесін сақтап қалу үшін аянбай еңбек етеді. Өзгелердің көңіл-күйі тікелей өзіне байланысты екенін білгендіктен, үнемі жадырап жүреді.
2. Отбасылық өмір дегеніміз – серіктес болу. Сондықтан ақылды әйел ортақ шешімге келе алатын ерді таңдайды. Ақылды әйел отбасылық өмірде ерлі-зайыптының бір-біріне ешнәрсе қарыз емес екенін, қандай жағдай болмасын, сыйластық пен махаббат болуы керектігін біледі.
3. Отбасылық өмір – жаңадан тұрғызылып жатқан ғимарат секілді. Ал күнделікті болып жатқан оқиғалар – оның кірпіші. Қандай үйде тұратындықтары қос ғашықтың еншісінде. Сондықтан ақылды әйел отбасының әр күнін бақыт пен шаттыққа толтыруға тырысады.
4. Ер адам әйел адамның бойындағы махаббат, адалдық, шыдамдылық сынды қасиеттерді бағалайды. Сондықтан ақылды әйел ерін сүйіп, оның жалғыз сүйіктісі болғысы келетіндігін ұғындырады.
5. Ақылды әйел ер мен әйелдің махаббаты екі түрлі болатындығын біледі. Сүйіктісінен өз қиялындағыдай әрекетерді талап етпейді. Алғашқы кездесудегі сыйластық пен жылы қырам-қатынасты мәңгілік жадында сақтап өту керектігін де біледі. Ерін сыйлап, бір-бірін меншіктеуге болмайтындығын жақсы түсінеді.