- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды адамның іс-әрекеті...
Ақылды адамның іс-әрекеті қандай болады?
Жер бетінде ақылды болуға ұмтылмайтын, ең болмаса ақылды болып көрінуге тырыспайтын адамдар саны аз шығар. Осы ақылға білімнің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Ал ол білімді жинақтау үшін бірнеше іс-әрекеттерді орындау қажет. Олай болса, ақылды болуға көмектесетін іс-әрекеттер тізімін ұсынамыз:
1. Компьютер мен ұялы телефондағы логикалық, интеллектуалды, стратегиялық ойындарды көп ойнаңыз. Олар ой-өрісті кеңейтіп, жылдам әрекет жасауға дағдыландырады.
2. Ақылды адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Сізге қарағанда көп білетін адаммен сөйлесуге тырысыңыз. Мұндай адам сөйлеп жатқан кезде мұқият тыңдаңыз. Әрбір айтылған ақпаратты есіңізде сақтаңыз. Оларды керек кезде пайдалана біліңіз.
3. Калькулятордың көмегінсіз санап үйреніңіз. Жадыңызды жаттықтыру үшін ойша есептеңіз. Калькулятордың орнына қағаз бен қаламды, саусақтарды пайдаланудың қажеті жоқ. Бір қарағанда мән беруге тұрмағанымен, астарында көп нәрсе жатыр.
4. Жылдам оқуды үйреніңіз. Өзіңізге қызық әрі ақпаратты мол беретін кітаптарды оқуға тырысыңыз. Бұлар өміріңізде керек болады.
5. Дене шынықтырумен айналысыңыз. Физикалық жаттығуларды орындау барысында денемен қатар ми да шынығады. Үйіңізде теледидардың алдында тұрған диванның үстінде жата бергеннен еш нәтиже шықпайды.
6. Дұрыс тамақтаныңыз. Шоколад еңбекқорлықты арттырады. Бұл, расымен де, шындық. Бірақ, шоколадты үздіксіз жей берудің де қажеті жоқ. Оның ащы түрін таңдап жеуге тырысыңыз. Бұдан өзге жеміс-жидектерді, құрамында В дәрумені бар тағамдарды көбірек пайдаланыңыз.
7. Киім кию мәнеріңізге де мән беріңіз. Сырт көзге ақылды көрінген сайын, өзіңізді де ақылды адамдай сезінесіз. Бірақ, тым асыра сілтеп жібермеңіз. киімнің қымбат болуы емес, оның сізге жарасып тұруы маңызды.
8. Саяхаттау арқылы әлемді таныңыз. Жаңа жерлер мен жаңа адамдарды таныған сайын ақылды бола түсесіз. Барлығын өз көзіңізбен көріп алғандықтан, олар туралы мәліметтерді оқудың қажеті де болмай қалады.
9. Қызыққан тақырыбыңызға байланысты сұрақтар қоюдан қысылмаңыз. Бұл оқушылар мен студенттерге де қатысты. Әңгіме барысында қызыққыныңыз болса, артынша міндетті түрде сұрап алыңыз. Әсіресе, бұрын-соңды көрмеген жаңа термин болса.
10. Ойлаңыз, жоспарлаңыз, талқылыңыз. Осылардың арқасында миыңыз іске кіріседі, ал неғұрлым ерте кіріскен сайын ақылдырақ боласыз. Арасында демалуға мүмкіндік беруді де ұмытпағаныңыз жөн.
Бар болағын осы. Оларды күн сайын орындап отырсаңыз, мақсатыңызға міндетті түрде жетесіз.
Ал сіз осылардың қайсысын орындап жүрсіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru
Қ. Бүйенбай