- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды адамды қалай...
Ақылды адамды қалай танимыз? #2
Ақылды адам өзгелерден қандай қасиеттерімен ерекшеленеді? Оның өмірлік ұстанымдары қандай?
Денені тік ұстау
Күржиіп жүретін адамды жұрт еріншек, ұялшақ, өзіне сенімсіз адам деп ойлайды. Ал денесін тік ұстап, басын салбыратпай жүретін адам өзіне сенімді, сымбатты, байсалды болып көрінеді.
Ой-өрісті кеңейту
Ақылды адам біреудің пікірін тыңдап, соның жетегінде кетпейді. Ол бір жағдайға байланысты әртүрлі адамның пікірін тыңдап, соған қатысты жазылған әдебиетті тауып, оқуға тырысады. Сонда ғана дұрыс шешім қабылдай алатынын түсінеді. Білім алуды ешқашан тоқтатпайды. Мектеп, жоғары оқу орнынан кейін де үнемі жаңа білім іздеп, табуға тырысады.
Мәдениет
Ақылды адам ешкіммен ұрыспайды. Балағат сөздерін пайдаланбайды. Сөйлеген кезде адамды аузына қаратады. Әдеби сөздерді де орнымен пайдалана біледі.
Және соңғысы...
Ақылды адам ешқашан өзін ақылдымын деп айтпайды. Өзінің қасиеттері мен білімімен мақтанбайды.
Ф. Абилова