- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды адамды қалай...
Ақылды адамды қалай танимыз?
Өмірден өз орныңызды табу үшін бай емес, ақылды болғаныңыз дұрыс. Ақылды адам қандай болады?
Мақсатқа ұмтылушылық
Ақылды адам – мектепте, университетте үздікке оқыған адам емес. Ақылды адам өзіне не қажет екенін және сол мақсатқа жету әдістерін білетін адам.
Сырт келбетінің тазалығы
Ақылды адам киімін, аяқ киімін, сырт келбетін таза ұстауға тырысады. Психологтардың айтуы бойынша, сырт келбетін күтетін адамдар қоғамда танымал болады екен. Ақылды адам мұны өз пайдасына асыруға тырысады.
Тыңдай білу
Эмоция адам өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ақылды адам өзіне керекті ақпаратты өзгелерге байқатпай білу үшін аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Есте сақтау қабілеті
"Ақыл" деп көп жағдайда есте сақтаған жайттарды пайдалана білуді айтамыз. Сол себепті жан-жағыңызға назар салып, өзіңізге қажетті ақпаратты есте сақтауға тырысыңыз. Болашақта бұл талай рет сізге көмектеседі.
Жалғасы бар...
Ф. Абилова