- Негізгі бет
- Психология
- Ақылды адамдардың ғашық...
Ақылды адамдардың ғашық болуы қиын
Адам жанына бар жағдай жасалғанымен, жүрегі бос болса, өзін кеудесі қаңырап тұрғандай сезінеді. Талайды күйдіріп-жандырған махаббат ауылына ақылдылар абайлап аяқ басады. Көлденең кездескен көк аттының жетегіне ере бермегендіктен, суық та қараңғы жалғыздық көшесін ұзақ аралайды.
Иә, солай! Олардың бірі өзі шын қалауымен жаны жалғыздықта жай табатын болса, енді біреулері еріксізден жалқы жүру жолын таңдайды. Кім көрінгенмен бірге болғанша, қиын болса да, осы жолды артық санайды.
Ақылды адамдар сырт қарағанға шағылуы қиын жаңғаққа ұқсайды. Өйткені олар ойындағыны ақтарып, жай-күйін жайып сала алмайды. Сыр сандығының құлпын мұқият аша алған жанға ғана ақырындап іш тартуы ықтимал. Әр қадамын аңдап басып, әр сөзін ойланып айтатындар үшін бірден ашылысып, шүйіркелесіп кетуі қиын.
Олар бұрын бастан өткерген оқиғаларын да естен еш шығармақ емес. Өмірдің әр минутынан сабақ алып, кезіккен кісіден тәжірибе жинаған. Сондықтан да қателіктерді қайталамауға тырысып, он ойланып, жүз толғанады.
Олар өзінің де, өзгенің де сезімін сана сарабынан өткізеді. Жүрегінің әміріне қарағанда, ақылының бұйрығына басымдық береді. Кезіккен жанның жақсылы-жаманды қасиеттерімен толық қабылдай аламын ба деп ұзақ ойланады. Тәуекелді де жеті өлшеп, бір кеседі.
Ақылды адамда да жүрек бар. Сезімнің десі басым болса, не күйге де көнеді...
@. @assel_assanova