"Steelcase" компаниясының зерттеушілері 17 елде он мыңнан аса қызметкер арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде ақылды адамдардың жұмыс барысында көп алаңдайтынын анықтаған.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, интеллект деңгейі жоғары адамдар жұмыста жан-жақтан тапсырма түскен кезде қатты қиналады екен. Сол кезде олар барлық мәселені шешуге талпынып, «қай жұмысты бірінші етіп орындасам» екен деп ойланады. Сол себепті бұл адамдар бірнеше істі бірден атқару барысында көп алаңдайды екен. Олар, тіпті бір кезде өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмай жатқандай сезінуі де мүмкін, - деп жазады The Debrief.
Жалпы мұндай адамдар жұмыста электронды поштаны тексеріп, компьютерде сегізге жуық бағдарламамен жұмыс істеп, соның арасында қалта телефоны арқылы жауап беріп те жатады екен.
Дереккөз: 24.kz