Көпшілігіміздің кемшілігіміз – ақшаны үнемдей алмаймыз. Орынсыз жұмсағандықтан ба, айлықтан айлыққа жеткізе алмай, қарызға бататын кездер көп болып тұрады. Дәл осындай күйді кешіп жүрген оқырмандарымыз кезекті кеңестерімізден үлгі алады деген ойдамыз.
1. Күнделікті тұрмыста маңызы бар орындарды: асхананы, дәлізді тазалықта ұстау. Ақша лас жерге келмейді.
2. Ақшаны келген күні жаратпау керек. Жоспарсыз әрекеттерді жасамауға тырысыңыз. Банкоматтан алмаңыз немесе сенімді жерге қойыңыз, екінші күні біртіндеп жаратуға болады.
3. Әмиянның қызыл түсті я болмаса қызыл түспен безендірілгені ақшаның көбеюіне әсер етеді деген сенім бар.
4. Әмиянға артық зат салмаңыз. Тек қана ақша және пластикалық карта (ешқандай фото немесе түбіртектер, қоқыстар болмасын).
5. Ақшаны, тиын-тебенді белгілі бір ретпен бөліп салыңыз.
6. Ақшаны таза қолмен және таңертең санаған жөн.
7. Өзге елдің валютасын әмиянда ұстауды әдетке айналдырыңыз.
8. Ақша табудың жолын біліңіз. Қосымша көздерін қарастырыңыз. Табысты арттырудың екі жолы бар: кәсіп бойынша және қаржы нарығында. Ақшаны ақша жасайды.
9. Қолыңызға тиген ақшаны (100%) мынадай пропорция бойынша бөліңіз: 50% – игілікті іске, 25% – көлденең шығындарға, 10% – мұқтаж туыстарға, 15% – өзіңе жаратуға.
10. Ең бастысы көп алуға емес, көп беруне талпыныңыз. "Қалай өзіме көп сығып алсам болады?" деген ұранды ұмытыңыз. Сонда ғана екі есе пайда түсетін болады.
Жолдаған: Бұлбұл Жұмаділда
Сурет:hacklive.ru