Ақшасы бар адамның мүмкіндіктері де мол. Бірақ ақшамыздың көптігіне қарамастан, оны дұрыс арнаға жұмсамайтын кезіміз де жиі кездеседі. Олай болса ақша үнемдеуге көмектесетін кеңестерімізді оқып көріңіз.
1. Мен асықпай жазып отырмын!
Ай сайын чектерді сақтап, ақшаңызды не нәрсеге жұмсағаныңызды жазып отырыңыз. Артынша қаншалықты қажетсіз зат алғаныңызды білесіз.
2. Дүкенде жақсы, ал үйде одан да жақсы!
Дүкендерге көп бармаңыз. Әсіресе, жолда біреуді күтіп тұрған кезде кіретін жандар үшін айтылады. Супермаркеттерге тек өте қажет затты сатып алу үшін кіріңіз. Мүмкіндігінше қажет затыңызды алған соң, бірден шығып кетуге тырысыңыз.
3. Менің үйім – менің ақша сақтайтын жерім
Ақшаңызды үйге қалдырып, тек оқыс жағдайда керек болып қалар деген қаражатты (мысалы, автобус тоқтап қалған жағдайда таксиге төлейтін ақша) бірге ала шығыңыз. Қалтаңызда жоқ ақшаны жұмсай алмайтыныңыз анық. Келесі кеңесіміз осы жерден шығады.
4. Тиынның дыбысы құлаққа жағымды естіледі
Пластикалық карталардың орнына қағаз ақшаны пайдаланыңыз. "Пластик» карталарды тек қолайлылық үшін емес, ақшамен оңай қош айтысу үшін де ойлап тапқан. Ғалымдар, адамдардың дерексіз заттармен тез қоштасатындығын айтады. Мұнымен қатар ол жердегі ақшаның қалай жұмсалып жатқанын нақты білмейсіз.
5. Залдың көмегі немесе досыма хабарласамын
Сауда жасауға жалғыз бармай, жаныңызға досыңызды да ерте барыңыз. Бұл достарыңыздың сізге қарағанда ұстамдырақ болғаны абзал. Сауда үйінде достарға қарағанда, отбасылы жандар ақшаны көп жұмсайды екен. Жарнама суреттерінде бақытты отбасы көп болу себебін түсінген боларсыз.
6. Арзан заттар сатып алу үшін тым баймын
Сәнді киімдерге құмар адамдарға қарағанда, «қарапайым киім сатып алу үшін тым баймын» дейтін жандар аз ақша құртады екен. Сол себепті тек бағалы заттарды алуға тырысыңыз.
7. Бос орынды толтыру
Жоспарламаған зат сатып алсаңыз, оның орнын міндетті түрде толтырыңыз. Яғни келесі жолы дәл сондай ақшаны үнемдеңіз. Немесе бір ай бойы көп ақша құртпаған болсаңыз, айдың соңында өзіңізге сыйлық жасаңыз. Мұның қайсысын таңдайтыныңыз өз еркіңізде.
8. Жақында оралмаймын
Қосымша жұмыс табыңыз немесе тағы да бір ЖОО-дан білім алыңыз. Бос уақытыңыз болмайтындай жағдай жасаңыз. Әдетте адам ақшаны бос уақытында құртады. Әрине қосымша білім мен хоббиге де ақша қажет болуы мүмкін, бірақ оны болашаққа салған қаражатым деп біліңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru