Ақша адамды қайда жетелейді? Ол адамдарға нағыз қуаныш пен бақытты сыйлай ала ма? Қалай айтсақ та, ақша туралы әркім әртүрлі көзқарас ұстанатыны белгілі. Ендеше ел арасында ежелден бергі сақталған ақша жайлы пікірлерді жинақтап көрейік:
Ақша болса аламын деген дүниеңнің бәрін сатып ала аласың, бірақ, қуаныш пен бақыт сезімін сатып ала алмайсың; Досыңнан ақша сұраудан бұрын ойлан, саған ақша маңызды ма, дос маңызды ма? Қалтасында ақшасы бар адам кедей болуы екіталай, бірақ, ақшадан басқа ештеңесі жоқ кедейлер өмірде жетіп артылады; Қанағат пиғылы тек ақша табу қабілетің мен көңілдегі арманыңа қабысқанда ғана пайда болады;
Ақша кінәлі емес, тек ақша үшін бәрін істеуге дайын тұратын адамдар бар кінәсін ақшаға жабады. Ақша өте жақсы құл, бірақ, ол өте рақымсыз қожайын. Ертеректе кей әйелдер ақшасы үшін күйеуге шығатын, қазір, ақша үшін ажырасатын болып алды; Барлық адам уақыт – алтын, уақыт – ақша деген сөзді аузынан тастамайды, тіпті достар арасында бірінде қиыншылық болғанда біріміз ақшаның бетіне қарамаймыз деп «дүрілдейді». Бірақ, жұмыс ақша сұрауға тірелгенде олар досынан біраз уақыт беруін, күту керекгітін айтады;
Ақша – сені өзің армандаған қиялдағыдай өміріңе жақындата түседі немесе сені одан мәңгі қол үздіреді; Ақшаны мүлде бойына тоғытпайтын адамдар, шындығында ақша десе ішкен асын жерге қоятын адамдар; Ақша дән сияқты, оны егу керек. Өйтпегенде, жемісін көрмейсің; Ата-ананың оқудағы баласына беретін ең қымбат дүниесі ақша сияқтанып көрінеді, қателестіңіз, ең қымбат дүниесі баласына деген махаббаты.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: marina-dorih.ru