- Негізгі бет
- Психология
- Ақпараттың есте сақталуын...
Ақпараттың есте сақталуын 400%-ға арттырғыңыз келе ме?
Зерттеулер нәтижесі кітап, кесте, графиктер тәрізді визуалды құралдардың тыңдаушыға әсері мол екенін көрсетіп отыр. Мұнымен қатар, адам ақпараттың 82%-ын көз арқылы, 11%-ын – құлақ және 7%-ын өзге сезім мүшелері арқылы қабылдайтындығы анықталды. Осыған орай тыңдаушыға ақпаратты дұрыс жеткізуге көмектесетін бірнеше кеңестерді ұсынуды жөн көрдік.
Айтыңыз, көрсетіңіз және енгізіңіз
АҚШ-та жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, сөзбен айтылған ақпараттың 10%-ы, ал визуалды құралдардың көмегімен ұсынылған ақпараттың 51%-ы есте сақталатындығы анықталған. Яғни, сіз визуалды құралдардың көмегімен сөзіңіздің әсерін 400%-ға дейін көтере аласыз.
Мұнымен қатар, зерттеу барысында визуалды құралдардың көмегімен жүргізілетін іскери кездесулердің 28%-ға дейін қысқаратынын, яғни небары 25,7 минуттан 18,6 минутқа дейін ғана созылатындығы анықталған.
Баяндаманы таныстыру барысында вербалды, эмоционалды құралдарды пайдалану арқылы ақпаратты 92%-ға дейін есте сақтайтындай жағдай жасай аламыз.
Біз есте сақтаймыз:
Естігеніміздің 10%-ын;
Көргеніміз бен естігеніміздің 51%-ын;
Көргеніміз бен естігеніміздің және эмоциямызды оятқан ақпараттың 92%-ын.
Есіңізде болсын! Сіз құр сөзбен айтқан құнды деректің өзі тыңдаушыларға әсер бермеуі мүмкін. Олардың назарын өзіңізге аударғыңыз келсе, міндетті түрде визуалды құралдарды пайдаланыңыз.
Қосымша құралдарды да ұмытпаңыз
Баяндама таныстыру барысында қаламды қолданыңыз. Оны айтып жатқан затыңызға бағыттап ұстаңыз. Артынша оны тыңдаушы мен өзіңіздің араңызда, көз деңгейінде ұстаңыз. Қалам тыңдаушының басын көтеріп, сізге қарап отыруға мәжбүрлейді. Құдды магнит әсері бар секілді. Ал сізге қарап тұрған адам сөзіңізге де құлақ асады. Ал екінші қолыңыздың алақаны ашық болуы тиіс.
Баяндаманы таныстыру барысында ер адамның көзіне жиі, ал әйелдікіне сирек қарауға тырысыңыз. Егер өзіңізге сенімсіз болсаңыз, айна алдында тұрып жаттығыңыз.
Ал сіз қандай тәсілдерді ұсынатын едіңіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай