Әкесі ұлына үйретуі керек кеңестер #1

Бала өмірінде әкенің рөлі өте зор. «Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мәтел тауып айтылған. Шынында да жеміс ағаштан ары түспейді, дәл түбіне түседі. Баланың өмірге келгені ата-ана үшін қаншалықты қуаныш болса, соның астарында соншалықты жауапкершілік те жатады.

Балаға тәрбие беріп, тура жол сілтейтін – әке. Құрғақ ақыл мен жөнсіз таяқ баланы түзей алмайды. Алайда қисайған ағашты түзеу қиын, ал түзу өсіру оңай. Сондықтан бала кішкентай күннен бастап, жасына сай оған дұрыс бағдар беріп отыру керек. Әрбір заманауи әке төмендегі кеңестермен баласын тәрбилеуге міндетті. Ендеше, бала тәрбиесін бірге үйренейік.

1. Егер өз-өзіңізге сенімді болмасаңыз, ұлыңыз үшін өзіңізге деген сенімділікті күшейтіңіз. Өйткені мұның ол үшін маңызы зор.  Әйтпесе әкесінде жоқ сенімділікті ол қайдан алады?

2. Жеке гигеналық заттары мен киімдерін мұқият тазалап ұстауға кеңес беріңіз.

3. Үнемі ым-ишарамен сөйлегенде мұқият болыңыз. Ұлыңызға да сол жайынды айтып отырыңыз.

4. Аз сөйлеп, көп тыңдау керектігін айтыңыз. Адамдардың көбі тыңдағандарды жақсы көреді. Тыңдайтын құлақ болса, көпірген ауыз – көпірген...

5. Тура жолмен нан табуды үйреніңіз және ұлыңызға да соны үйретіңіз. Адамдардың өз күшімен және білімімен ақша  табуға мүмкіндігін барын дәлелдейтін адам – өзіңіз.

6. Табысқа жету үшін талмай еңбек ету керектігін және табыс дайындықты сүйетінін құлағына құйыңыз.

7. Дүкеннен киім алғанда да, зат алғанда да сапалысын алуға дағдыландырыңыз. Өйткені сапасыз арзан зат тез істен шығып қалады. Ал сапалысы ұзақ уақыт игілігіңізге жарайды.

8. Ер адам тек өзі үшін ғана емес өзгелер үшін де жауапты болатынын алдын ала түсіндіріп жүріңіз. Ер жеткенде бір отбасының отағасы, бүкіл отанның ұланы болатынын айта жүріңіз.

9. Алға қарай жүріп бара жатқанде жерге емес, жолға қарай қарауды ұқтырыңыз. Жігіттің мақсаты мен арманы айқын болуы керек.

10. Армандауды үйретіңіз. Кішкентай кезінен бастап салмақты армандарға қол созса, болашағына оң көзқараспен қарайтын болады.

11. Өтіріктің өрге баспайтынын айтып отырыңыз. Түсінікті болу үшін жасына қарай түрлі дәлелдер келтіріңіз. Ойнап болса да жалған сөйлеуге аузын үйретпеңіз.

12. Тілі шығып келе жатқанда сөзіне қызығып балағат сөз айтқызып үйретпеңіз. Тәтті тілінен боқтық сасымасын десеңіз, ер жете келе аузынан бейәдеп сөздері түспей жүрсін демесеңіз боқтауды үйретпеңіз.

13. Қызбен таныса салып, бірден киноға шақырмау керектігін айтыңыз.

14. Үлкенге құрмет көрсетуді үйретіңіз. Ақсақалдардың арнайы қолын алып, алғысын алғанның дұрыс екендігін түсіндіріңіз.

Жалғасы бар...

Сурет: Юрий Орлов

Ұқсас жазба:

Бала тәрбиелеудің сыры неде?