- Негізгі бет
- Психология
- Әкеңе айтамын......
Әкеңе айтамын...
Бақ ішінде екі адам келе жатты. Екеуі де спорттық киім киген. Екеуі де жүгіріп келеді. Жасы үлкені алдында, жасы кішісі оған әзер ілесіп келеді. Бір кезде соңында келе жатқан кішісі өкпесі өшіп, жерге отырып қалды. Жеңіл жүгірісін тоқтатпаған келіншек, жерде отырған қызды айнала жүгіріп былай деді:
– Тоқтама, қане, жалғастыр. Ұнамай ма? Менің жасым қырыққа жетсе де, әлі шаршаған жоқпын. Сенен кейін де бірнеше баланы өмірге әкелдім. Анаң таңертең де, кешке де екі мезгіл жүгіреді., балтыры бір сыздамайды. Ал сен қырықтың жартысына жетпей жатып темекі шегесің. Тұр, қане. Менімен соңына дейін жүгіресің, болмаса мен сені әкеңе айтамын...
Осыны айтып артына қарайламастан ары қарай жүгіріп кетті.
– Анашы-ы-ым, күте тұршы енді, – деп қызы амалсыз соңынан тұра жүгірді...
@. @assel_assanova