ХХ ғасырдың соңын ала АҚШ-та өмір сүріп жатқан әкенің ЖОО-ға аттанып бара жатқан ұлына айтқан 511 ақылы сол кездегі дүниенің түкпір-түкпіріндегі ата-аналар мен жастар арасында зор дүмпу туғызған болатын.
Сол әкенің 511 сөзі кейін Германияда шығатын «Бояулар» атты журналда басылған. Қазақ оқырманына ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмыз.
Экономикалық әл-ауқат жар беріп тұрса да, ең арзан көлік алып, жайлы да қарапайым үйде тұру керек. Досыңнан безбе. Қалыңдық іздегенде өте абай бол, себебі, ол сенің былайғы өміріңнің бақытты болу-болмауында 90 пайыз рөл атқарады. Күніне 30 минут уақыт серуенде. Досыңа құпияңды айтудан бұрын қабырғаңмен кеңес. Қашан да шығын шығармайтын, зиян тартпайтындардан сақ бол. Балаң әділдікті, мінсіздікті ойлағанда өзіңді, яғни әкесін есіне алатын болсын. Өмірдегі шынайылықты, ізгілікті, әсемдікті байқай біл, оны жан-жүрегіңмен сезініп, тебірене біл. Өзіңе және өзгеге кешірімді бол.
"Әке асқар тау"
Бір жылда бір классикалық шығарма оқып тұр. Шұғыл құтқарудан сауатың болсын. Біреу сені құшақтағанда, оның (әсіресе әйел адамның) қолын әркез мүлде өзің босатып жіберме, ол өзі босатсын. Күніне 6 стақан су іш. Өзіңді жақтайтындар, жақсы көретіндер тұрғысынан ой жүгірте біл. Қат-қабат қиыншылық кездессе де, ебін тауып отбасыңмен, үй-ішіңмен демалысыңды бірге өткізетін бол. Уақыттың өтуімен осындай басқосулар таптырмас асылыңа айналады. Сыртқа (шетелге, тауға) саяхаттап шығарда сумкаңа аты-жөнің, телефон номерің және ең жақын досыңның аты-жөні, телефон номері жазылған парақшаны салып жүр. Табысқа жеткен соң, міндетті түрде, өзіңді салмақтырақ ұстап, көңіліңнің орныққан-орнықпағанын, деніңнің сау-сау еместігін және жаныңның ынтызарлыққа толы-толы еместігін байқайтын бол. Өзіңнен шығып өзіңе қара. Әр жылы көктем сайын бір түп ағаш егіп тұр. Ата-анаңды, қайын жұртыңды, әйеліңді немесе балаларыңды жазғырғанда, ұрысқанда ұстамдылық жаса. Қайта бір ойланып қара.
Әрқашан рухың сергек болсын
Күндердің бірінде өткен істерді еске түсіргенде, өкінетін жақтарыңды сезінген мезетте, оған батылдықпен мәміле жасай біл. Өз көзіңмен көргенде ғана болмаса, беталды сын айтушы болма. Бір ауыз ыстық лебіз, жақсы сөздің немесе кішкентай бір игілікті істің рөлін әрқашан төмен мөлшерлеуші болма. Өзгелерге жақсы сөз, мақтау лепес айтқанда, оны балаларың да еститін болсын. Бақыт – байлыққа, лауазымға және келбетке емес, қайта айналаңдағы адамдармен дәмдес болуыңа байланысты. Алғаш бет көрісіп отырғанда ырықтылықпен қол ұсынып, өз аты-жөніңді айтып ұғындыратын бол. Қарсы жағың өзіңді есіне берік сақтауына мүмкіндік тудыра біл. Жатын орныңның басында қойын дәптерің мен қаламың тұратын болсын. Жақсы ой-пікір көбінде таңғы сағат 3:00-де туады. Туған күндерде міндетті түрде жақсы тілек айтатын бол.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com