- Негізгі бет
- Психология
- Әке ақылының көкжиегі...
Әке ақылының көкжиегі
ХХ ғасырдың соңын ала АҚШ-та өмір сүріп жатқан әкенің ЖОО-ға аттанып бара жатқан ұлына айтқан 511 ақылы сол кездегі дүниенің түкпір-түкпіріндегі ата-аналар мен жастар арасында зор дүмпу туғызған болатын.
Сол әкенің 511 сөзі кейін Германияда шығатын «Бояулар» атты журналда басылған. Қазақ оқырманына ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмыз.
- Экономикалық әл-ауқат жар беріп тұрса да, ең арзан көлік алып, жайлы да қарапайым үйде тұру керек.
- Досыңнан безбе.
- Қалыңдық іздегенде өте абай бол, себебі, ол сенің былайғы өміріңнің бақытты болу-болмауында 90 пайыз рөл атқарады.
- Күніне 30 минут уақыт серуенде.
- Досыңа құпияңды айтудан бұрын қабырғаңмен кеңес.
- Қашан да шығын шығармайтын, зиян тартпайтындардан сақ бол.
- Балаң әділдікті, мінсіздікті ойлағанда өзіңді, яғни әкесін есіне алатын болсын.
- Өмірдегі шынайылықты, ізгілікті, әсемдікті байқай біл, оны жан-жүрегіңмен сезініп, тебірене біл.
- Өзіңе және өзгеге кешірімді бол.
"Әке асқар тау"
- Бір жылда бір классикалық шығарма оқып тұр.
- Шұғыл құтқарудан сауатың болсын.
- Біреу сені құшақтағанда, оның (әсіресе әйел адамның) қолын әркез мүлде өзің босатып жіберме, ол өзі босатсын.
- Күніне 6 стақан су іш.
- Өзіңді жақтайтындар, жақсы көретіндер тұрғысынан ой жүгірте біл.
- Қат-қабат қиыншылық кездессе де, ебін тауып отбасыңмен, үй-ішіңмен демалысыңды бірге өткізетін бол. Уақыттың өтуімен осындай басқосулар таптырмас асылыңа айналады.
- Сыртқа (шетелге, тауға) саяхаттап шығарда сумкаңа аты-жөнің, телефон номерің және ең жақын досыңның аты-жөні, телефон номері жазылған парақшаны салып жүр.
- Табысқа жеткен соң, міндетті түрде, өзіңді салмақтырақ ұстап, көңіліңнің орныққан-орнықпағанын, деніңнің сау-сау еместігін және жаныңның ынтызарлыққа толы-толы еместігін байқайтын бол. Өзіңнен шығып өзіңе қара.
- Әр жылы көктем сайын бір түп ағаш егіп тұр.
- Ата-анаңды, қайын жұртыңды, әйеліңді немесе балаларыңды жазғырғанда, ұрысқанда ұстамдылық жаса. Қайта бір ойланып қара.
Әрқашан рухың сергек болсын
- Күндердің бірінде өткен істерді еске түсіргенде, өкінетін жақтарыңды сезінген мезетте, оған батылдықпен мәміле жасай біл.
- Өз көзіңмен көргенде ғана болмаса, беталды сын айтушы болма.
- Бір ауыз ыстық лебіз, жақсы сөздің немесе кішкентай бір игілікті істің рөлін әрқашан төмен мөлшерлеуші болма.
- Өзгелерге жақсы сөз, мақтау лепес айтқанда, оны балаларың да еститін болсын.
- Бақыт – байлыққа, лауазымға және келбетке емес, қайта айналаңдағы адамдармен дәмдес болуыңа байланысты.
- Алғаш бет көрісіп отырғанда ырықтылықпен қол ұсынып, өз аты-жөніңді айтып ұғындыратын бол. Қарсы жағың өзіңді есіне берік сақтауына мүмкіндік тудыра біл.
- Жатын орныңның басында қойын дәптерің мен қаламың тұратын болсын. Жақсы ой-пікір көбінде таңғы сағат 3:00-де туады.
- Туған күндерде міндетті түрде жақсы тілек айтатын бол.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com
M. Auelkhan