Статистикаға жүгінсек, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде 2-орында тұр. Қуанарлық жағдай емес. Бірақ барлық мәселенің шешімі бар. Біз сізге осы мақала арқылы отбасын қалай сақтау керегін және бақытты һәм тұрақты одақ дәрежесіне қалай қол жеткізуге болатынын айтамыз. Ол үшін төмендегі ережелерге мән беріңіз.
Егер ерлі-зайыпты күнделікті өмірде «табысты қарым-қатынастың төрт ережесін» қолданса, ажырасудың 70%-ы болмас еді.
Фидбэк беру
Бақытты болуы үшін ерлі-зайыптылардың арасында жақсы қарым-қатынас болуы керек. Бір-бірінің отбасынан тыс өмірінде не болып жатқанына жаны ашуы маңызды. Бұл күннің қалай өткенін үнемі егжей-тегжейлі айтып беру деген сөз емес. Мұндай болмаса уақыт өте келе қатты ғашық жұптардың өзі қызығушылықтың жоғалуына ұрынады. Кері байланыс – бұл коммуникация. Өмірлік серік етіп таңдаған адамыңызды тыңдаңыз. Бір-біріңіздің өміріңізде болып жатқан нәрселерге шынымен қызығушылық танытсаңыз, екеуіңіз де өзіңізді жақсы сезінесіз.
Жақсы да, жаман да сезімдерді іште бүкпей, білдіріп отыру
Табысты қарым-қатынастың өте маңызды құпиясы: белгілі бір әрекеттерге реакцияңызды «екінші жартыңыздан» жасырмау. Жұбайыңызға оның қай әрекеті сізге ләззат беретінін, ал не, керісінше қолайсыздық тудыратынын айтыңыз. Бұл туралы сабырлы және шынайы сөйлесіңіз. Одан жауап немесе реакция күтпеңіз, жай ғана айтыңыз. Мысалы, достарыңызбен кездесу кезінде ол сізді ренжіткен болса, онда үйге келгенде немесе келесі күні оған оның мінез-құлқында сізге жағымсыз әсер ететін нәрселер бар екенін ашық түсіндіріңіз. Содан кейін әңгіме тақырыбын өзгертіңіз. Сіздің серіктесіңіз бұл проблема туралы кейін ойланады және егер ол сізді шынымен жақсы көретін болса, келесі жолы басқаша әрекет етеді.
Психолог-консультант Манап Алмагүл: "Ең маңызды әдіс - күнде жұбыңызбен әңгімелесуге 20-30 минут арнаңыз, тек өздеріңіз жайлы.
Аптасына 1 рет өздеріңізге бір күн арнаңыз – бірге таңғы ас, серуен, кино, театр, тек екеуіңіз ғана.
Жарыңыздың 100 құндылығын жазып қойыңыз, ренжіген кезде алып, оқыңыз, осындай адамның сізге бұйырғанына шүкір етіңіз.
Әдетте біз жарымызды өзіміздің травмамыздан таңдаймыз. Әкесіз өскен қыз әкелік махаббаты күтеді. Ал ер-азамат аналық жылу іздейді.
Бірақ әркім өз жұбының индивид, жеке тұлға екенін алға шығаруы керек. Әңгіме бәрін шешеді. Егер баламызға жанымыз ашып, әкесі де, шешесі де, түсініксіз болған нәрсені сұрап, шешуге тырысып, әңгімеге тартатын болсақ, жұбайымызға да сондай жанашыр болуымыз керек"-дейді.
Жылы шырай танытыңыз
Күлімсіреу – жақсылық пен бақыттың көрінісі. Сіздің қарым-қатынасыңыздан қалағаныңыз осы емес пе? Комедияларды бірге көріңіз, әзіл айтыңыз, әзіл-қалжыңға толы пікірлер айтыңыз, күлімсіреу үшін кез келген сылтау табыңыз. Әзіл сезімі ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін керемет қуат екені сөзсіз.
Құшақтасудың маңызын ғылым да дәлелдеген
Табысты қарым-қатынасқа арналған ережелер жиынтығы физикалық байланыссыз толыққанды болмайды. Күн сайын сіз құшақтау, сүю арқылы бір-біріңізге деген сүйіспеншілігіңізді көрсетуіңіз керек: шын жүректен құшақтау, күтпеген сүйісу, қол ұстасып серуендеу, арқасынан сипау... Осының барлығы қарым-қатынасты нығайтады. Олар қос ғашық үшін де әдетке айналса, сіз махаббаттың уақыт өте келе қалай өсіп, күшейетінін көресіз.
Сүйікті адамыңызға қарым-қатынастың осы құпияларын айтып, сезіміңізді сақтауға бірге еңбектеніңіз.