Ажырасқан соң махаббатты қалай қайта табуға болады?
Ажырасу – екі жаққа да терең эмоционалды әсер қалдыратын күрделі және ауыр процесс. Алайда, барлық қиындыққа қарамастан, көптеген адам ажырасқаннан кейін қайтадан махаббат тауып, бақытты қарым-қатынас құрып жатады.
Психологтар ажырасқаннан кейін махаббатты табу үшін бірнеше маңызды кезеңдерден өту керек дейді.
Бірінші кезең
Адам барлық болған оқиғаларды түсіне білуі керек және эмоцияларыңызды қабылдауы тиіс. Ажырасу – өмірдегі қиындықтың бірі. Біреу үшін ауыр соққы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сезімдерді іште сақтап қалуға болмайды. Бәрін сыртқа шығарып, тіпті бұрынғы жарыңызбен шешілмеген мәселелер болмауына мән беру керек. Екі жақты жек көрініш сезімін бейтарапқа ауыстыру қажеттелігі туындайды. Бұны өткенді жіберу деп те атайды.
Екінші кезең
Өзіңмен жұмыс жасау. Ажырасқаннан кейін сіз өзіңіздің жеке мақсаттарыңыз бен ұмтылыстарыңызға назар аударуыңыз керек. Достарыңызбен және жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз, хобби табыңыз. Бұл өзіңізге деген сенімділік пен тартымдылықты қалпына келтіруге көмектеседі.
Үшінші кезең
Жаңа қарым-қатынасқа дайын болу. Жаңа серіктес іздеуді бастамас бұрын, сіз өзіңіздің сезімдеріңізге сенімді болуыңыз керек және жаңа қарым-қатынасқа дайын екеніңізді іштей түсініп қана жаңа қадам жасаңыз. Есіңізде болсын, әр адам әртүрлі және жаңа қарым-қатынас бұрынғыдан өзгеше болады. Жаңа серігіңізді бұрынғы адаммен салыстырмаңыз, бұл жағымсыз эмоциялар мен жанжалдарға әкелуі мүмкін.
Әр адам бақытты болуы лайық екенін естен шығармаңыз.