Әжімдердің ажарға нұсқан келтіргенімен, ерлер қауымының мінез-құлқын білуде әйелдер қауымына айтарлықтай көмек бола алатындығын біреу білсе, біреу біле бермейді. Әрине, бұған бос сандырақтардың бірі ғой деп мән бермеуге де болатын шығар: дегенмен психолог мамандардың зерттеулерінің нәтижесі деп қарау да артық болмас. Сонымен...
•Қастардың арасынан тіке жоғары көтерілген терең әжімді зиялылық пен ұялшақтықтың белгісі десек, ауыз бұрыштарынан сәуле тәрізді шашырап шыққан әжімдер өз бетінше шешім қабылдай алмайтын, өзгенің қамқорлығына мұқтаж адамдарға тән.
•Көз айналасындағы қаздың табаны тәрізді әжімдер көңілді жүретін еркектерге тән. Бірақ мұндай еркектерде бір нәрсені түбі түскенше қазбалап төңірегіндегілерді мезі ететін қасиет болады.
•Қасының сыртқы шетінің үстіңгі жағындағы көлденең кішкентай әжімдер адамның адалдығын білдіреді. Мұндай еркектің адалдығына күмәнданбаса да болады.
•Ауыз бұрышындағы әжімдер адамның жалқау, енжар, уайымшыл және масылдыққа бейім жан екендігінің белгісі.
•Маңдайдағы терең, көлденең әжімдер адам мінезінің жұмсақтығын аңғартады. Қысқа, көлденең әжімдердің көптігі бастаған ісін аяқтауға құлықсыз әрі өсек-аяңға бейім жандарға тән.
Бұл анықтамалар қатып қалған нәрсе емес, әрине. Әйтсе де, ер адамдардың бет-әлпетіне қарап та бірталай құпияларды аңдауға мүмкіндік беретін қадамдардың бірі екендігіне не дау болсын.
Суреттер: lapilon.ru, lady.ru
Дайындаған: Сания Аринова